«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 9, 2023

Кәсіпорындарда кадр тапшы

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров қаладағы бірқатар ірі өндіріс ошақтарында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Алдымен облыс әкімі Киров атындағы зауытқа табан тіреді. Мұнда 2019 жылдан бастап компьютер шығару қолға алынған. Бүгінде планшет, ноутбук және баспа платаларын құрастырады. Бірнеше жылдың ішінде зауыт 50 мың компьютер техникасын шығарған. Мұндағы жұмысшылардың орташа жалақысы 200 мың теңгеден асады. Еліміз …

Кәсіпорындарда кадр тапшы Read More »

МИНИСТРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев елордада екі жақты кездесу өткізді. Шарада облыс әкімі жуырда өңірге қарасты барлық аудандар мен Петропавл қаласы тұрғындарымен кездескенін айта келіп, олардың барысында солтүстікқазақстандықтардың бірқатар өткір мәселелер көтергенін жеткізді. Айдарбек Сейпілұлы кездесуге қатысушылар назарын тұрғындарды баспанамен, сапалы әрі жылдам интернет байланысымен, тіршілік нәрімен қамту, …

МИНИСТРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

Тарихтан сыр шерткен

Тайынша қаласында тарихи-өлкетану мұражайы ашылып, салтанатты іс-шараға аудан әкімі Берік Әлжанов, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Көрнекті жерде орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, аудандық және ауылдық кітапханалардың қызметкерлері жәдігерлер жинауға көмек көрсеткен. Архив деректеріне сүйенсек, ер­те­де аудан аумағында ағылшын артельдері, мал шаруашылығымен, зер­герлік және темір ұстасымен ай­налысатын ауылдар болған. Мұра­жайды тамашалаушыларға сол өт­кен кезеңнен сыр шертетін …

Тарихтан сыр шерткен Read More »

Жан шуағы

Тағдыр толқыны адамды қай жа­ға­ға тастайтынын ешкім білмейді. Өмірде қиын жағдайда қалған жан­дардың күйін көру неткен ауыр. Ал сол адамдардың қуанған, күлімдеген жүзіне қарау қандай ғанибет! Осындай жылылықты жақында ашылған “На­дежда” қарттар үйіне отбасылық үлгі­дегі балалар үйінің ұл-қыздары сый­лады. Балғындар аға буын өкілде­ріне арнап концерт қойды. Осылайша бұл жандар өздері іздеген қуанышты бір-бірінен тапқандай болды. …

Жан шуағы Read More »

Жаңа жылды сәтсіз бастады

“Qulager” командасы шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясын­­дағы кезекті матчын қарағандылық “Saryarqa” клубымен өткізді. Жерлестеріміз екі ойында да қонақтарға есе жіберді. Петропавлдағы Спорт сарайын­да өткен биылғы жылдың алғашқы ойынында жерлестеріміз 2:3 есебі­мен қарағандылықтарға есе жібер­ді. Кездесудің бірінші кезеңінде “Sa­ry­arqa” хоккейшілері есеп ашқан. Нә­тижелі соққының авторы – Игнат Холь­кин. Кейін қонақтар есепті есе­леуге тырысты. Алайда жерлестері­міз тосқауыл …

Жаңа жылды сәтсіз бастады Read More »

Халық тұтынатын тауарлар қымбат

Солтүстік Қазақстан облысы­ның статистика департаменті өт­кен жыл бойынша өңірдегі инфляция туралы көрсеткіштерді жа­рия­лады. Департамент таратқан деректерге сүйенсек, 2022 жылдың соңында облыстағы инфляция 20,6 пайызды құраған. 2021 жыл­дың желтоқсанында бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болған еді. Инфляция деңгейі халық жиі тұ­тынатын тауарлар мен қызметтер­дің 508 түрінің бағасының өзгеруі­мен анықталады. Оның ішіне азық-түлік тауарлары, азық-түлік емес та­уарлар мен …

Халық тұтынатын тауарлар қымбат Read More »

Үш көлік соқтығысты

7 қаңтар күні Мамлютка қаласы­ның маңында “Мамлютка – Қостанай” автожолында қолайсыз ауа райы жағдайында “Nissan Murano”, “Audi A6” және “Toyota Avensis” автокөлік­тері соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Соқтығысу салдарынан “Toyota Avensis” автокөлігінің 36 жас­тағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы көз жұмды. Жол-көлік оқиғасының тағы сегіз қа­тысушысы, яғни “Audi A6” және “Toyota Avensis” автокөліктерінің жүр­гізушілері …

Үш көлік соқтығысты Read More »

Абайсыздықтың салдары ауыр

Облыс аумағында 2022 жылы адам­дар зардап шеккен 382 жол-көлік оқиға­сы тіркеліп, оның 105-і жаяу жүргінші­лерді қағып кетумен байланысты бол­ған. Бұл жол-көлік аппаттарында 9 адам қаза тауып, 109-ы әртүрлі дәрежеде де­не жа­рақаттарын алған. Жаяу жүргін­ші­лер 42 рет жолды белгіленбеген жер­де­н кесіп өт­пек болған. Он екі ай ішінде өз­дерінің абайсыздығынан 3 адам мерт болып, 42-сі түрлі дене …

Абайсыздықтың салдары ауыр Read More »

“ТАЛЬГО” КҮНАРА ҚАТЫНАЙДЫ

“Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамы №105/106 Алматы – Петропавл жүрдек пойызының жүру жиілігіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. 2023 жылдың 14 қаңтары мен 6 наурызы аралығында тасымал жиілігі өзгереді. Пойыз бұрын күн сайын жүретін болса, енді күнара қатынайды. Бұған “Тальго” жүрдек пойызындағы жөндеу жұмыстары себеп болған. “Тальго” жүрдек пойызының қатынау жиілігі мынадай болады: – Алматыдан қаңтар айында тақ …

“ТАЛЬГО” КҮНАРА ҚАТЫНАЙДЫ Read More »

Жалған дипломмен жұмыс істеген

Өңіріміздегі орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жал­ған дипломмен жұмыс істеп жүрген қызметкерлер анықталып жатыр. Өткен жылы облыстық прокуратура жоғары білім туралы жалған құжат­тарды пайдалану фактілерінің жиі­леуіне байланысты осы санаттағы қылмыстық істерге талдау жүргізді. Облыс прокурорының орын­­ба­сары Мұрат Қожамқұ­ловтың айтуын­ша, облыста ай сайын жоғары білім туралы жалған дипломдарды пайда­лану туралы орташа есеппен алты факті …

Жалған дипломмен жұмыс істеген Read More »

“Үміттің” үздіктері

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубы 2013 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істейді. Он жыл ішінде тәрбиеленушілері жоғары нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. Қатарларында спорт шеберлігіне үміткерлерден бастап, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындағандар да бар. Клуб мүшелері соңғы уақытта нәтижелі өнер көрсетіп жүргенін ерек­ше атап өткен жөн. Әсіресе парашаңғы мен парабиатлоннан сол­түстікқазақстандық сайыпқырандар …

“Үміттің” үздіктері Read More »