«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көмекке асыққан тәртіп сақшылары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданында қарлы боран салдарынан екі ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жолда қалып қойды. Олардың бірі кейінірек полиция департаментіне телефон соғып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Марат Жамбылов он бес жылға жақын уақыт бойы көлік тізгіндеп ке­леді. Ол “SHANTUI” бульдозері тиел­­ген “МАЗ” көлігімен жергілікті маңыз­дағы Елецкое мен Айыртау ауылда­ры арасындағы автожолда омбы қар­да батып қалған. Жүр­гізуші “102” нө­мі­ріне қоңырау шал­ған. Көмекке кел­ген учаскелік инс­пектор Шоқан Асқа­ров пен әкімші­лік полиция қызмет­кері Асқар Мақ­перов жергілікті “Баян­тай” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінен кө­мек сұраған. Оның жетекшісі бірден К-700 тракторын жіберген.

Осы оқиғадан бір күн бұрын Ло­баново мен Имантау ауылдарының арасында “Scania” фурасы қалың қарға батып қалады. Жүргізуші жа­сы­­мық тиеп алып кету үшін Түркия елі­нен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­ға келе жатқан. Оған учаске­лік по­лицейлер Нұрлыбек Кәріпенов пен Ер­бол Қасқатаев көмек көрсетті. Ауыр техника мен тростарды жол қыз­меті мекемесі және “Ключи” ЖШС-ы ұсынды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp