«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСЫЛ МҰРАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда “Amanat” партиясының 2025 жылға дейінгі “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасының ал­ғашқы қорытындылары жария етіл­ді. Оның аясында белгіленген 362 іс-шараның 130-ы жүзеге асырылып, 228-і орындалу үстінде екені белгілі болды. Жол картасы азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу, эко­номиканың тұрақтылығын қамтама­сыз ету, өзара бәсекелестікті артты­ру, өнім сапасын жақсарту, мем­ле­кеттік басқару жүйесін дамыту сияқ­ты бағыттарды қамтиды. Алға қо­йыл­ған міндеттердің талапқа сай ше­шім табуына депутаттар да өз үлес­терін қосып келеді. Сындарлы сәт­терде әрдайым халықтың жанынан табылып, олардың тұрмысын жақ­сарту жолындағы асыл мұратынан айныған емес.

Республикалық саяси ұйымның аудандық филиалы жанындағы пар­тиялық бақылау комиссиясының жаңа жылдағы алғашқы отыры­сын­да саяси тұғырнама аясында қабыл­данған міндеттемелердің нәти­желері шығарылып, ерекше маңыз­дылығы атап өтілді. Жергілікті билік орындарымен бірлесе әрекет етудің арқасында тұрғындардың талап-мүдделері барынша ескеріліп, қол жеткен табыстармен қатар проб­ле­малар да жан-жақты сараланды. Ко­миссия мүшелері Айбек Хоршат, Ок­сана Кикаринова, “Жас қанат” жас­тар қозғалысының белсенді мүшесі Нұрқасым Хасенов жинақталған іс-тәжірибелерге сүйене отырып, қа­жетті ішкі ресурстарды тиімді пайда­лану мүмкіндіктерін ортаға салды. Олардың айтуларынша, партияның сайлауалды бағдарламасынан туындайтын талаптар барлық сала­ларда көрініс тауып, тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру басты бағ­дар етілген. Ауданда жоспарланған 86 іс-шараның 63-і іске асырылып, 16-сы орындалуда. Аудан басшы­лығы мен аманаттықтар және депу­таттар корпусы бірлесе отырып, үш жылда 10 мектепті, 6 мәдени-демалыс мекемесін күрделі жөндеу­ден өткізді. Бірқатар ауылдарда де­нешынықтыру-сауықтыру нысанда­ры, спорттық және балалар алаңда­ры бой көтерді. Орталық қазандық орнатылып, 9 елді мекенде кентіші­лік жолдар қалпына келтірілді. Бар­лық елді мекендерде көшелер жа­рықтандырылып, Восход, Баймыр­за, Ақжарқын, Киев, Дәуіт бағытта­рындағы облыстық, аудандық маңы­зы бар жолдар, 2520 тұрғыны бар Ленинград ауылында сумен жаб­дық­тау жүйесі жөнделді. “Ауыл – ел бесігі” республикалық бағдарлама­сы шеңберінде 143, 3 млн. теңге бө­лініп, 70 ұңғыма орнатылды. 11,66 шақырым су тарату желілері са­лынды. Сыйымдылығы 100 текше метр­лік су мұнарасы және жалпы көлемі 200 текше метрлік 2 таза ауызсу қоймасы тұрғызылды. Орта­лық сумен жабдықтау жүйесіне 840 үй қосылды. Ленинград және Дәуіт ауылдары арасындағы автожол учаскесінің 12 шақырымын күрделі жөндеуден өткізуге 1 млрд. 100 млн. теңге бағытталды

Талшық, Дәуіт, Ащыкөл ауыл­дары бойынша тұтынатын электр энергиясына тарифті арзандату үшін жаңа электр желілерін тарту туралы үш жоба қабылданды. Бұл елді мекендер Ақжар электр стация­сына қосылып, электр қуатының құны 10 теңгеге арзандайды.

Тұрғындардың сапалы және жайлы өмір сүруіне тиісті жағдай­ларды жасау басты міндетіміз бо­лып қала береді.

Орынбасар ЫСҚАҚОВА,

облыстық мәслихаттың депутаты, партиялық бақылау комиссияның жетекшісі.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp