«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Парацетамол тапшы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы кездері облыста жұқпалы вирустық инфециялық аурулар мен тұ­мауға шалдыққандар көбейді. Соның әсерінен дене қызуын төмен­дететін дәрілерге сұраныс артқан. Петропавлдағы дәріханаларда парацетамол дәрісінің тапшылығы байқалады.

Қала тұр­ғыны Гүлжиһан Қайыржан­қызы парацатамол іздеп, 1 күннің ішінде 10 шақты дәріханаға бас сұққан.

– Дәріханаларда дене қызуын тө­мендететін дәрілер жеткілікті. Солар­­дың ішінде тұрғындар жиі тұтынатын парацетамол тапшы. Тіпті жоқ десек те болады. Бұл препарат арзан бол­ған соң сұранысқа ие, – дейді ол.

Шынында, қаладағы 200-ге тар­та дәріхананың біреуінен ғана па­рацета­молды табуға болады. Бұл мәселе­мен жіті таныс фармацевт мамандар­дың айтуынша, бүгіндері өңірдегі па­рацетамол қоры бір-екі аптаға ғана же­теді. Әзірге дәрінің ба­ғасы қымбаттамаған, ол 85 теңгеге саудаланып ке­леді.

– Күніне орта есеппен 300-400 адам парацетамол іздеп келеді. Біз дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын болжап, күзде көп алып қойғанбыз, – дейді фармацевт Евгения Сен­ченко.

Медициналық және фармацев­ти­ка­лық бақылау комитеті облыстық де­партаментінің мамандары қолай­сыз ауа райына байланысты дәрі-дәр­мектің кезекті партиясы өңірге дер ке­зінде жетпей қалғанын айтты. Тапшылықтың туындауына сұраныс­тың артуы да себеп болып отыр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp