«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Қайтарылмайтын қаржы

Диас АЯҒАН

 dias.ayagan@mail.ru

Өткен жылы “Бастау бизнес” жобасы аясында облыс орталығы­ның 90-нан астам тұрғыны қаржы­лай қолдауға ие болып, өз кәсібін ашқан. Жоба қатысушылары кәсіп­керлік негіздері бойынша арнайы оқытудан өтіп, грант иегері атанып отыр. Оларға өз жоспарларын жү­зеге асыруға 400 айлық есептік көр­сеткішке дейін қайтарымсыз қаржы берілген.

Жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Дейнеконың ай­туын­ша биыл жоба арқылы тағы 60 грант иегерін анықтау жоспарлану­да. Маманның сөзінше, гранттарды беруде жастарға, әлеуметтік осал топтан шыққан, жұмыссыз, өзге өңірлерден қоныс аударушылар мен қандастарға басымдық бері­леді. Жобаға қатысу шарттары жай­лы толығырақ білу үшін жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталық­тарына жүгіну керек.

“Бастау бизнес” арқылы кәсібін дөң­гелетіп отырғандардың бірі – Қар­лығаш Сақыпова. Ол өткен жылы 1,2 млн. теңге көлемінде грант алған.

– Алғашында кәсіп бастауға қо­рықтым. Ақыры тәуекелге бел бай­лап, қолдауға ие болдым. Бөлінген қаржыға тігін машинасы мен өзге де жабдықтар алып жеке дүкен аш­тым. Сатылымға және тапсырысқа киім тігумен айналысамыз. Бүгінде өнім­деріміз сұранысқа ие, тұтыну­шыла­рымыз да риза, – дейді кәсіп­кер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp