«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 16, 2023

Әзірге қымбаттатпауға уағдаласты

Газетіміздің өткен санында кәсіпкерлер мектептегі оқушыларға арналған тамақ бағасын өсіргелі жатқанын жазып, дабыл қаққан болатынбыз. 2022-2023 жылғы оқу жылы басталмай тұрып, облыстық білім басқармасы өңір мектептеріндегі асханаларда ыстық тамақтың бағасын 500 теңге деп бекіткен. Алайда араға төрт ай салып, тағы да өсірмек ниет танытты. Себеп – азық-түлік бағасы шарықтап кеткен. Апта соңында бұл мәселе қалалық …

Әзірге қымбаттатпауға уағдаласты Read More »

Алғыс арқалағандар

Жыл басынан бері поли­ция қызметкерлері жолда қалған оннан астам жүргізу­шіге көмек көрсетті. Өткен аптада “Астана – Петропавл” республикалық автожолы­ның 389-шы шақырымында Қыр­ғызстан азаматы тізгіндеген “Daewoo Nexia” автокөлігінің қоз­ғалтқыш бөлігінен ақау шыққан. Ол Қазақстан арқылы транзитпен үйіне кетіп бара жатқан. Сол учас­кеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген пат­рульдік полиция батальонының қызметкерлері ақауды жөндеуге көмектескен. Бір …

Алғыс арқалағандар Read More »

ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН Тайыр Мансұровтың туындысы ұлттық сыйлыққа ие болды

Еліміз тұғырлы Тәуелсіз­дікке қол жеткізгеннен кейін та­рихтағы бірталай “ақтаңдақ­тардың” беті ашылып, бұған дейін айтылмай келген, айтыл­­са да мардымсыз сөз етілген көп­теген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткер­лерінің есім­дері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бас­тады ғой. Сондай ардақты тұл­ғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов. Өткен ғасырдың жиырмасын­шы жылдары жарқырай көрінген жас қа­зақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғалардың …

ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН Тайыр Мансұровтың туындысы ұлттық сыйлыққа ие болды Read More »

Сирек кездесетін мылтық

Петропавл қалалық полиция басқармасына келген 58 жастағы азамат пайдаланылмай тұрған көлікжайын қоқыс пен үйінділер­ден тазартып жүріп қос ұңғылы мыл­тық салынған қапшық тауып алғанын айтқан. Ол табылған қару туралы бірден полицияға ха­барлаған. Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері оның оқ атуға жарамды атыс қа­руы екенін анықтады. Бір қызығы, бұл мылтық бельгиялық “Bayard” фирмасының сирек кездесетін аңшы қаруы болып шықты. …

Сирек кездесетін мылтық Read More »

Отқа оранған сауықтыру кешені

Петропавлда сауықтыру кеше­ніндегі өртті екі рет сөндіруге тура кел­ді. Өрт толық сөнбей қалып, екінші күні таңертең мамандар тағы да сол нысанда жұмыс істеді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы “Парковая” сауықтыру кешенінде өрт шық­қандығы туралы хабар 14 қаңтарда сағат кешкі он бірлер шамасында түскен. Өртсөндірушілер келгенде нысан отқа оранған екен. Мамандар жалынмен үш …

Отқа оранған сауықтыру кешені Read More »

Екі есе қымбаттайды

Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифі екі есеге қымбаттайды. Ашық нормативтік-құқықтық акті­лер сайтында қоқыс тарифінің мөл­шерін бекіту туралы қаулы жобасы жарияланды. Онда бұдан былай абаттандырылған үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығару тарифі бір адамға айына 480 теңгені, абаттандырылмаған үйлер үшін – 510 теңге­ні құрайтыны жазылған. Сондай-ақ заң­ды тұлғалар үшін – текше метр …

Екі есе қымбаттайды Read More »

Қайтарылмайтын қаржы

Өткен жылы “Бастау бизнес” жобасы аясында облыс орталығы­ның 90-нан астам тұрғыны қаржы­лай қолдауға ие болып, өз кәсібін ашқан. Жоба қатысушылары кәсіп­керлік негіздері бойынша арнайы оқытудан өтіп, грант иегері атанып отыр. Оларға өз жоспарларын жү­зеге асыруға 400 айлық есептік көр­сеткішке дейін қайтарымсыз қаржы берілген. Жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Дейнеконың ай­туын­ша биыл жоба арқылы тағы 60 …

Қайтарылмайтын қаржы Read More »

ҚҰРАН ОҚЫП ЖАРЫСТЫ

“Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастыруымен Құран оқудан жарыс өтті. Оған имандылық үйі жанынан ашылған үйірменің 6-24 жас аралығындағы мүшелері қатысып, Жаратушының сөзін жатқа әрі мәнерлеп айту үшін таңалакеуімнен мешітке жиналды. Облысымызда балаларды білім­ге баулып, отансүйгіштікке, иманды­лыққа тәрбиелейтін түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Солардың бірі – орта­лық мешіт жанындағы арнайы сауат ашу курсы. Мұнда шәкірттер тіл үй­реніп, тегін …

ҚҰРАН ОҚЫП ЖАРЫСТЫ Read More »

АЙМАҚТАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР

Өңірде қанатқақты жоба аясында ашылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің нәтижелері Аққайың ауданында бас қосқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуде айтылды. Тың бастамалармен өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин танысты. Соңғы екі жылда құс фабрикалары “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан жеңілдікті несиелермен рәсімделіп, құс етінің импортын 100 пайыз жергілікті өніммен …

АЙМАҚТАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР Read More »

Гүлмира Кәрімова — Сенат депутаты

14 қаңтар күні елімізде Парламент Сенатының депутаттары сайланды. Петропавлдағы Н.Погодин атындағы орыс драма театрында таңдаушылардың бірлескен отырысы өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының атынан жоғары палатаға кім баратыны анықталды. Саяси шараны облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко ашып, сөзді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевке берді. Асқар Жоламанұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-ші және 51-ші баптарына сәйкес, Парламент Сенатының …

Гүлмира Кәрімова — Сенат депутаты Read More »

Төрағалар сайланды

“Amanat” партиясы Петропавл қалалық филиалы – өңірдегі ірі саяси ұйымдардың бірі, мұнда төрт мыңнан астам мүше бар. Жуырда өткен конференцияда былтырғы жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттер белгіленді. Филиалдың атқарушы хатшысы Әсемгүл Ахметова баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрілік препараттардың бағасына партиялық мониторинг жүргізу және бақылау топтары жұмыс істейтінін, …

Төрағалар сайланды Read More »

Демократиялық дәстүрлерге сай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған түбегейлі саяси жаңғыртулар Конституцияға енгізілген түзетулер мен толықтыруларға жалғасып, маңызды демократиялық басымдықтарды айқындап берді. Бұл билік институттарын өзгеше формада қалыптастыруға, қоғамды саяси жағынан толығымен трансформациялауға жол ашары сөзсіз. Мәжіліс пен мәслихат депутатттарының соңғы сайлауы саяси бәсекелестіктің күшеюіне айтарлықтай ықпал етіп, көппартиялылықты дамытуға және елдегі парламентаризмді нығайтуға зор серпін …

Демократиялық дәстүрлерге сай Read More »

“Арманым — Олимпиада шыңы”

Қазақ халқының жігіттері ғана емес, бұрымдылары да батыр келеді. Томиристен бері қарайғы тарихымызда жаумен жалғыз өзі айқасқан аруларымыз аз болмаған. Бүгінгі бейбіт заманда да білекті әрі жүректі қыздарымыз баршылық. Солардың бірі – “Qyzyljar arlandary” клубының белді мүшесі, дзюдо спортынан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа кубогының қола жүлдегері Назгүл Маратова. Жақында балуан қызбен сұхбаттасудың сәті түсті. …

“Арманым — Олимпиада шыңы” Read More »

Кездейсоқ кездесу

– Кездейсоқтық дегенді қойсаңшы,– деді тасадан шыға берген тәпелтек қара маған қолын соза беріп. – Күнде жүретін жолыммен жүрмей, осы жермен кездейсоқ өте салайын десем, тура алдымда өзіңіз тұрсыз. Кездейсоқтық деген, міне, осы! Мынаның сөзінің шынында жаны бар, “Қасқыр мен жорналшыны аяғы асырайды” демекші, шаруа бойынша алыс ауданның “Сөктөбе” ауылына бет алған мен қиыр шеттегі …

Кездейсоқ кездесу Read More »

Кім қанша төлейді?

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жыл сайын белгіленеді. Осыған байланысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылғы қаңтардан бастап МӘМС үшін кім қанша төлейтінін анықтады. Міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар көлемі МӘМС туралы заңда бекітілген және ол биыл өзгеріссіз қалды. Ал ең төменгі жалақы және айлық …

Кім қанша төлейді? Read More »

ҒАЛАМТОР – БІР КҮНДІК, КІТАП – МӘҢГІЛІК

Өркениетті қоғамның басты тірегі – білім мен ғылым. Оған ешкімнің таласы бола қоймас. Ал білімнің кілті – кітапта екені әлімсақтан белгілі. Мұның сырын ерте ұғынған билеушілер, мемлекет басшылары, оқымыстылар мен ғалымдар сонау ықылым заманның өзінде-ақ билік құрған елінде ең әуелі кітап оқу мәдениеті мен кітапхана ісін гүлдендіруге баса назар аударғанын тарихи туындылардан оқуға, көруге болады. …

ҒАЛАМТОР – БІР КҮНДІК, КІТАП – МӘҢГІЛІК Read More »

МЕКТЕПТЕ ТАМАҚ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАМАҚ теріскей оқушылары тегін тамақтан
неге қағылып отыр?

Қымбатшылық қос бүйірден қысып барады. Дүкендегі азық-түлік аспандап тұр, енді жығылғанға жұдырық болғандай қала­мыздағы жеке кәсіпкерлер мектептегі ыстық тамақтың баға­сын өсіруді көздеп отыр. Петропавлдағы мектеп асханаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қазіргі бағамен, яғни 500 теңгеге бір оқушыны тамақтандыру мүмкін емес екенін айтады. Бұлай жалғаса берсе, азық-түлікке кететін шығын мен аспаздардың жалақысын өтей алмай қалуымыз мүмкін дейді. …

МЕКТЕПТЕ ТАМАҚ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАМАҚ теріскей оқушылары тегін тамақтан
неге қағылып отыр?
Read More »

Қосымша грант бөлінсе…

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мемлекеттен қосымша 800 грант сұ­рап, алдағы оқу жылы барлығы 2 мың түлекті тегін оқытуды көздеп отыр. Қосымша оқу орындары негізінен, журналистика, құқықтану, дизайнер мамандығын таңдаған түлектерге бөлінбек. – Өткен жылғы қыркүйек айынан бастап, Аризона университетімен бір­лескен жаңа білім беру бағдарлама­лары ашылды. Ауыл шаруашылығы бағытында – 3, ІТ-технология және педагогикалық биотехнология …

Қосымша грант бөлінсе… Read More »