«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қосымша грант бөлінсе…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мемлекеттен қосымша 800 грант сұ­рап, алдағы оқу жылы барлығы 2 мың түлекті тегін оқытуды көздеп отыр. Қосымша оқу орындары негізінен, журналистика, құқықтану, дизайнер мамандығын таңдаған түлектерге бөлінбек.

– Өткен жылғы қыркүйек айынан бастап, Аризона университетімен бір­лескен жаңа білім беру бағдарлама­лары ашылды. Ауыл шаруашылығы бағытында – 3, ІТ-технология және педагогикалық биотехнология сала­сында бірқатар мамандықтар пайда болды. Қазір екідипломдық халық­аралық бағдарлама бойынша сту­денттер білім алып жатыр. Ауыл ша­руашылығы бағытындағы маман­дық­тарға көп көңіл бөлінуде, – дейді университеттің агрономия және орман шаруашылығы кафедрасы­ның меңгерушісі Фариза Мұқанова.

Жалпы жыл сайын аталмыш уни­верситетке бөлінетін гранттардың саны артуда. Өткен жылы студент­терге жалпы 1000 грант берілсе, биылғы көрсеткіш 1200-ді құрамақ. Қосымша 800 грант бөлінген жағ­дайда өңірде кадр жетіспейтін са­лалардың тамырына қан жүгірер еді.

Оқу орнында ауыл шаруашылы­ғы саласын дамыту бойынша бір­шама іс қолға алынғанын да атап өт­кен жөн. Оның ең ауқымды әрі ерек­шесі – шетелдік тәжірибе. Білім алу­шылар 6 ай көлемінде Германия­дағы ірі экологиялық таза өнім өн­дірумен айналысатын компаниялар­да өндірістік тәжірибеден өтеді.

– 2019 жылы алғаш рет респуб­лика бойынша 40 білім алушы Поль­шада өндірістік тәжірибеден өтіп кел­ді. Ол да жарты жылға созылады. Биылғы жылы бұл жұмыс жанданды. Көктемде 30 студентті жіберуді жос­парлап отырмыз, – дейді Фариза Мұқанова.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp