«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының қарауына облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін бекіту және облыстық сайлау комиссиясының құрамын толықтыру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамадағы өзгерістерге байланысты мәслихат шешімдеріне бірқатар өзгерістер енгізу туралы мәселелер ұсынылды.

Облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық сайлау комиссиясының қолдаухаттары, облыс әкімінің ұсынысы негізінде еңбек ардагері Жасұлан Қазбековке Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағын беру туралы ұсыныс қаралып, өмірбаяны таныстырылды. Жасұлан Кенжебайұлы Жамбыл ауданы Орталық ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын зоотехниктен бастап, кәсіподақ комитетінің төрағасы, кеңшар директоры, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 10 жылдан астам облыстық сайлау комиссиясының мүшесі болды. Белсенді қоғамдық қызметі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі медальдармен, Құрмет грамоталарымен атап өтілген. Жамбыл ауданының құрметті азаматы.

Сессияда Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунованың ұсынуымен облыстық тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалған Қайрат Сейітқожаевты Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Тілеген Қаскин депутаттарға таныстырды.

Облыс әкімдігінің және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамдары бойынша мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp