«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дамуға дем берген бағдарлама

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл облыста “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 46 елді мекенде 50 жоба қолға алынады. Бұл мақсатқа 7,4 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр.

“Ауыл – ел бесігі” республика­лық бағдарламасы облыста 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Оның аясында 2019-2021 жылдар аралығында 62 елді ме­кеннің әлеуметтік мәселелері ше­шімін тапты. Жалпы 119 жобаны жүзеге асыру мақсатында 17,2 млрд. теңге қарастырылды.

Елді мекендердің әлеуметтік мәселелерін шешуге, инженерлік инфрақұрылым желілерін жаңғыр­ту мен дамытуға арналған бағдар­ла­ма аясында өткен жылы 5,4 млрд. теңге бөлінді. Облыстық эко­номика басқармасының мәліметінше, республикалық бюджеттен қа­растырылған қаражатқа 44 жоба жүзеге асты.

– “Ауыл – ел бесігі” бағ­дарла­масы аясында облыс бойын­ша 13 мың тұрғыны бар 2 ауылда сумен жабдықтау желіле­рінің 20 шақы­рымы, 48 ауылда ауыларалық жолдардың 290 ша­қырымы, 52 білім беру нысаны, 19 мәдениет және спорт ғимараты, 13 денсау­лық сақтау мекемесі жөн­делді. 4 елді мекенде электр және жылу желілерінің 10 шақырымы са­лынды. Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданның орталығы Новоишимка ауылында орталық қазандықтың құрылысы аяқталды, – дейді об­лыстық экономика бас­қарма­сының басшысы Қуанышбек Қа­лижанов.

Солтүстік Қазақстан облысын­да 635 елді мекеннің 307-сі бола­шағы бар ауыл болып табылады, ондағы халық саны 246 мың адам­ды (немесе ауыл тұрғындары­ның жалпы санының 86 пайызы) құ­райтынын атап өткен жөн.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp