«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалғасын тапқан жобалар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Еnbek.kz” порталында жұмысшы кадрларды тартуға қатысты өтінімдерді қабылдау басталды. Оған бір жылдан артық жұмыс істейтін және тұрақты салық пен әлеуметтік аударымдарды жүзеге асырып отырған кәсіпорындар өтінім бере алады.

– Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға ерекше назар аударғым келеді. Яғни, бұл – біліктілікті арттыру және адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында өткізілетін кәсіптік даярлау. Барлық шаралар “Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы” Заңында көзделген нормалар бойынша жүзеге асырылады. Петропавл қаласының ірі кәсіпорындары мен ұйымдары жұмыс орнын беру арқылы кәсіптік оқытуға қатыса алады, – дейді қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Әйгерім Асылтаева.

Өткен жылы Петропавлда 715 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 86 азамат кәсіптік оқудан өтті. Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында “Жастар тәжірибесі”, “Әлеуметтік жұмыс орындары”, “Ұрпақтар келісімшарты”, “Қоғамдық жұмыстар”, “Күміс жас” және “Бірінші жұмыс орны” бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Биыл да бұл жобалар жалғасын тауып, екі қолға бір күрек іздеп жүрген қалалықтар жұмысқа орналастырылады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp