Кешке қарай Қызылжар ауданының Малое Белое ауылындағы үйлердің бірінің ауласынан екі бие қашып кеткен. Иесі малдарын өзі іздегенімен еш нәтиже шықпапты. Таңертең ауыл тұрғыны учаскелік инспектор Аман Байтеңізовке жүгінеді. Ол көршілес ауылдық округтегі әріптесі Қайыртай Нұрғалиевпен бірге қызметтік “Нива” жеңіл көлігімен шығып, ауылдан 5 шақырым жерде орман ішінде жүрген жылқыларды тауып алған. Тәртіп сақшыларының жұмысына риза болған ауылдықтар “Instagram” әлеуметтік желісінде оларға алғыстарын білдірді.
Аман Байтеңізов Асаново ауылдық округінде екі жыл қызмет атқарып келеді. Округ құрамына бес ауыл кіреді. Елді мекен тұрғындары ауылдағы тәртіпті қадағалап жүрген учаскелік инспектордың жұмысына дән риза.
Әсет ҚАНАФИН.