«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бизнес-лагерь жеңімпаздары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Enactus Kazakhstan “Winter camp 2023” көшбасшылық және кәсіпкерлік мобильді мектебінің 13-ші маусымы еліміздің түкпір-түкпіріндегі қатысушылардың басын қосты. Шара Алматы облысындағы “Тау Тұран” оқу-сауықтыру кешенінде өтті. Лагерге еліміздің 18 жоғары оқу орны мен колледждерінің білім алушылары барды, олардың қатарында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “Enactus Kozybayev” командасы да бар.

10-15 қаңтар аралығында олар қаржылық сауаттылық және тұрақ­ты даму мақсаттары бойынша оқы­тылды. Талапкерлер Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жан-жақты сөз болған дәрістерді тыңдады. Со­нымен қатар интерактивті сессия­лар, командалық жұмыс, тақы­рыптық кештер өткізілді.

Шараның соңында үздік өрен­дерге түрлі аталымдар бойынша жүлделі орындар табыс етілді. Мұн­дай марапаттардан СҚУ студент­тері де құр қол қалмады. “Үздік эссе” аталымында Айзат Елубаева топ жарса, Алдияр Ерсайын “Үздік косплей” атанды. “Mr&Mrs Winter Camp 2023” аталымында 2-орынға Мейіргүл Нұржан табан тіреді. Олар мақтау қағаздарымен және кітап­тармен, басқа да бағалы сый­лықтармен марапатталды. Бұл бизнес-лагердің қатысушыларына қосымша білім алуға және кәсіппен айналысуға көмектеседі.

“Enactus” халық­аралық жобасы студенттер мен жастар арасында көшбасшылық пен кәсіпкерлікті насихаттайды. “Enactus Қазақстан” ұлттық кеңсесі университет коман­даларының қыз­метін үйлестіреді және кәсіпкер­лердің студенттік қо­ғамдастығын дамытады. Қатысу­шылар қоғам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-эко­­номикалық идеялар­ды жүзеге асы­рады. Олар өз жоба­ларын жыл са­йын бизнес жетек­шілер баға­лайтын байқауларға жібереді.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ медиаорталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp