Облыс аумағында бес күн ішінде 24 жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Олардың барлығын полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұстады.
Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында полицейлер құжаттарын тексеру мақсатымен 20 жастағы жергілікті тұрғын басқарып келе жатқан “Mazda” автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің сырт келбеті мен іс-қимылы күмәнді көрінді. Тәртіп сақшылары оған медициналық тексеруден өтуді ұсынды. Күдік расталды. Жігіттің есірткі шеккені анықталды. Оған қатысты хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.