«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Сотталғандардың саны артқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің саны былтыр 540 адамға өскен. Сондай-ақ сотталғандардың өздеріне дене жарақатын салу деректерінің саны да артқан. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі облыстық депар­таментінің мамандары өткізген алқа отырысында ай­тылды.

Жиынға облыстық прокура­тураның өкілдері де қатысып, сот­талғандар құқығының қорғалуы қадағалаушы органның назарында екенін атап өтті.

Түрмеге тоғытылғандар саны­ның өскеніне қарамастан, қылмыс­тық-атқару жүйесі органдары тұрақты, жедел-режім жағдайын қамтамасыз еткен.

“Сотталғандар тарапынан өз­де­ріне дене жарақатын салу де­рек­тері көбейіп барады. Қадаға­лаушы орган осындай әрбір жағ­дайды бүге-шігесіне дейін анықтау­ды және нақты себептерін білуді талап етеді. Мекемелердегі тұ­рақты жағдайға қол жеткізу үшін сотталғандардың құқықтарын тап­тап, оларды кемсі­туге жол бе­рілмеуі тиіс. Мұндайдың кез келген түріне тыйым салы­нады”, – деді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Биылдан бастап азаптау тура­лы істерді тергеумен заң бойынша тек прокуратура ғана айналыса алады. Сондықтан түзеу мекеме­ле­­ріндегі сотталғандардың конс­титу­ция­лық құқығын сақтау және азап­тау туралы түскен барлық арыз-шағымдарға дер кезінде ден қою – қадағалаушы органның басты міндеті.

Осыған орай облыстың барлық колонияларында бейнебақылау жү­йесі іске қосылған. Арыз-өті­ніштер үшін терминалдар орнатыл­ған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp