«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 23, 2023

Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Алқалы жиында 2022 жылғы қылмыстың жай-күйі, полицияның сервистік моделін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері талқыланды. Облыс әкімі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын тоқсан …

Ведомствоаралық комиссияның отырысы Read More »

Мамандығына адал

Ауылдағы ағайынның тұрғылықты жерінен жәрдем таппай, жағдайы нашарлағанда келетін жері – облыстық аурухана. Өңірдегі басы ауырып, балтыры сыздағандардың бәрі осы жерден дертіне шипа табады. Облыстық ауруханадағы заманауи қондырғылардың арқасында бұрын ірі қалаларға сабылатын сырқаттар енді керекті ем-домды өзімізде де ала алады. Емдеу мекемесі жыл сайын жас мамандармен толығуда. Мұнда халық саулығы үшін 20-ға жуық бөлімше …

Мамандығына адал Read More »

Бизнестің дамуын тежейді

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде құрылыс және жол салаларына қатысты мәселелер талқыланды. Жиынға өңір басшысының орынбасары Сәтжан Аблалиев пен кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев қатысты. Жиынды ашқан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов бизнесте жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығына тоқталды. – Өткен жылы агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін …

Бизнестің дамуын тежейді Read More »

Баяғының батырларындай

“Басқа спортты білмеймін, біздің қазақ төбелестен есесін жібермейді” дегенді жиі естиміз. Әзіл болғанымен, осы сөздің астарында шындық бар сияқты. Әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларда жұдырықтасудан жүлде алып жүргеніміз – сөзімізге дәлел. Ғасырдан-ғасырға тамыр жалғаған жауынгерлік өнеріміз бүгінгі жекпе-жек спортымен астарласып жатқаны жасырын емес. Білекті жігіттер облыс орталығындағы “Қызылжар” атауымен танымал спорт клубында жаттығып жүргенін айта кеткен …

Баяғының батырларындай Read More »

“ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА”

– Анашым, сіздің ақша туралы тү­сінігіңіз мүлдем қате. Мынау дөңге­ленген Жер шарында ақша бәрімізге де жетеді. Тек күн сайын 100 рет “мен баймын, менің ақшам көп, та­бысым молаюда” деген сөз тіркес­терін сеніммен айтып жүріңізші. Сол кезде сіздің миыңыз осы ақпаратты қабылдап, түпсанаңызға жеткізеді. Бұл – 100 пайыз дәлелденген дүние. Кеше мен қатысқан семинар-тре­нингте психолог осылай …

“ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА” Read More »

Айыппұл арқалағың келмесе…

Өзге өңірлерді қайдам, қызыл­жарлықтардың көбі жаңа жылда үйіне табиғи шырша орнатқанды жақ­сы көретінін аңғару қиын емес. Ме­реке қарсаңында кей дүкендердің алды қылқан жапырақты ағашқа лық толады. Сол шыршаларды сатып ал­ған тұрғындар бір-екі апта өткен соң оларды қайда жіберерлерін білмей дал болады. Өйткені қурай бастай­ды, яғни ағаштың қылқандары суды­рап жерге түседі. Бұған дейін қоқысқа тастап үйреніп …

Айыппұл арқалағың келмесе… Read More »

ТОЗҒАН ЖЕЛІЛЕР ҚАЛАЙ ЖАҢАРТЫЛАДЫ?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті мемле­кет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты халыққа арнаған Жол­дауында монополистердің пайдасын шектеу және инфрақұ­рылым желілерін дамытуға бағытталған инвестициялар ара­сындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін атап өтті. Сон­дай-ақ Президент “Тарифті инвестицияға айырбастау” жаңа тарифтік саясатына көшу қажеттігін де алға тартқан еді. Об­лыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті осы бағытта қандай жұмыстар атқаруда? Бұл …

ТОЗҒАН ЖЕЛІЛЕР ҚАЛАЙ ЖАҢАРТЫЛАДЫ? Read More »

Сотталғандардың саны артқан

Өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің саны былтыр 540 адамға өскен. Сондай-ақ сотталғандардың өздеріне дене жарақатын салу деректерінің саны да артқан. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі облыстық депар­таментінің мамандары өткізген алқа отырысында ай­тылды. Жиынға облыстық прокура­тураның өкілдері де қатысып, сот­талғандар құқығының қорғалуы қадағалаушы органның назарында екенін атап өтті. Түрмеге тоғытылғандар саны­ның өскеніне қарамастан, қылмыс­тық-атқару жүйесі органдары тұрақты, …

Сотталғандардың саны артқан Read More »

Жұмысқа жұмылдыруда

Жұмыссыздар санын азайту мақ­сатында елімізде бірнеше бағ­дарлама іске қосылып, мыңдаған жас пен зейнет жасына таяған жан­дар екі қолға бір күрек тапты. Әсі­ресе жұмыспен қамту орталықта­рына “Жастар тәжірибесі” бағдар­ламасы бойынша еңбек етуге өтініш білдіретіндердің қатары көп. Атал­ған бағдарлама аясында жас ма­ман­­ның жалақысын мемлекет тө­лейді. “Жастар тәжірибесіне” оқу ор­нын аяқтағаннен кейін 3 жыл ішінде жүгі­нуге болады. Бұдан …

Жұмысқа жұмылдыруда Read More »

Сергелдеңге салған субсидия

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін құрылымдар мемлекет қа­зынасынан бөлінетін субсидияны майшелпекке балап, қалтаға тоғыт­қан құлқынқұмарлардың талайын әшкерелеп, жегендерін желкесінен шығарып жатыр. Сонда да қылмыс­тың азаятын түрі байқалмайды. Осы себепті Президент Қасым-Жомарт То­қаев халыққа арнаған Жол­дауын­да субсидиялау мәселесіне арнайы тоқ­талды. “Соңғы бес жыл­дың өзінде суб­сидиялауға 2 трлн. теңгеден ас­там қаржы бөлінді. Өкі­нішке қарай, агроөнеркәсіп кеше­ніне қатысты қоз­ғалған …

Сергелдеңге салған субсидия Read More »