Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Алқалы жиында 2022 жылғы қылмыстың жай-күйі, полицияның сервистік моделін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.
Облыс әкімі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын тоқсан сайын жүйелі түрде өткізу қажеттігін атап көрсетіп, аудан әкімдеріне барлық байқауларды бірінші тоқсанда ұйымдастыруды тапсырды.
Бұл мәселені бақылауда ұстау міндетін орынбасары Сәтжан Аблалиевке жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.