«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Даланың дана перзенті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына арналған “Даланың данасы” атты тарихи-әдеби кеш өтті. Шараға М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушылары, мұғалімдер, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Алғашқы болып сөз сөйлеген еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Тілек Әбдірахманов ойшыл дана, мем­лекет және қоғам қайраткері Төле бидің Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығының Ата Заңына айналған әйгілі “Жеті жарғы” заң жобасын шы­ғарушы кемеңгерлердің бірі болғаны туралы баяндады. Өте дана, әділ, дарынды шешен, кемеңгер, Ұлы жүздің бас биі болғанына тоқталды. Келесі сөз сөйлеген жазушы, жур­налист Жақсыбай Самрат Төле би­дің Ұлы жүзді басқарып, қазақ хан­дығын мемлекеттік деңгейде нығайт­қан, заңын жасасқан қоғам қайраткері, жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық кү­ресін бастаушылардың бірі болға­нын айта келіп, халық ауыз әдебие­тінде ол туралы көптеген тарихи аңыз­дар сақталып қалғанын, халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралғандығын баса айтты.

С.Шаймерденов атындағы қала­лық классикалық гимназияның мұғалі­мі Ботакөз Мұхамеджанова “Еліне сөзі ем болған – Төле би” та­қырыбында мазмұнды да мағыналы баяндама жасады. Қатысушылар “Ұлтымыздың данагөй абызы” атты кітап көрмесін тамашалады.

Дамира СЕРІКБАЕВА,

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың кітапханашысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp