«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жылды жеңіспен бастады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен 1924 жылы Па­риж Олимпиадасының жеңімпазы атанған атақты балуан Анри Дег­ланды еске түсіруге арналған Гран-при турнирі аяқталды. Аталған жа­рыста солтүстікқазақстандық Эль­мира Сыздықова табысты өнер көр­сетті.

Ұзақ үзілістен соң, боз кі­лемге қайта оралған Эльмира өзі­нің алғашқы додасында ел қоржы­нына алтын жүлде салды. Алғашқы белдесуінде неміс қызы Лаура Се­линнен басым түскен жерлесіміз одан кейін АҚШ өкілі Алексис Кен­недиді қапы қалдырды. Жартылай финалда Канада балуаны Тейлор Фолленси қазақ қызына еш қар­сылық көрсете алмады. Финалда тағы бір канадалық Жюстина Ста­сионы ұтқан Элмира Сыздықова алтын медаль иегері атанды.

Жерлесіміз Азия чемпионатын­да алты (1 алтын, 2 күміс, 3 қола) жүлде олжалағанын айта кеткен жөн. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында алауы тұтан­ған Олимпиада ойындарын­да үшінші орынға табан тіреген. Одан бөлек, Эльмира Сыздықова­ның бас­қа аса ірі халықаралық до­даларда жеңіп алған жүлделері же­терлік. Бірақ ауыр жарақат алуына бай­ланысты былтыр ол бірде-бір жа­рысқа қатыспаған. Есесіне биылғы маусымды жеңіспен бастады.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp