«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Тың жобалармен таныстырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Дархан Әмірин елордада Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановпен кездесіп, “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағының өткен жылы атқарған жұмысы жайлы баяндады, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Дархан Әміриннің айтуынша, “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағына шетелдік инвесторлар ерекше қызығушылық танытып отыр. Оған осыдан екі жыл бұрын Петропавлда ашылған “Солтүстік фанер комбинаты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәлел. Биыл аталмыш компания облыс орталығында жаңа өндіріс ошағын ашпақ.

– Арнайы экономикалық аймақтың аумағында полиграфиялық бояулар өндірісін іске қосу қарастырылуда. Жаңа кәсіпорында 65 жұмыс орны ашылмақ. Инвестиция көлемі 5,471 млрд. теңгені құрайды. Шетелдік компания бұл нарықта 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде жауапты және сенімді серіктес ретінде танылды. Министрлік тарапынан қолдау тапса, бұл кәсіпорын өз зауытын биыл сала бастайды, – деді Дархан Әмірин.

Сондай-ақ тағы бір шетелдік инвестор қаптама өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 5,016 млрд. теңгені құрайды, кәсіпорын 70-ке жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүдделі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp