«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 25, 2023

АУЫЗСУ ҚҰБЫРЫ БИЫЛ ТАРТЫЛАДЫ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жеке қабылдау өткізді. Ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Осы жолы өңір басшысының жеке қабылдауына ауыл тұрғындары жазылыпты. Айыртау ауданындағы Шалқар елді мекенінің тұрғыны Ермек Жарахметовтің айтуынша, жыл өткен сайын шалғайда жатқан курорттық аймақтың жағдайы түзеліп, күннен-күнге көркейіп келеді. Десе де онда тұратын ағайын таза ауызсуға зәру. – …

АУЫЗСУ ҚҰБЫРЫ БИЫЛ ТАРТЫЛАДЫ Read More »

Адал қызмет – абырой

“Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы” Заңда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі міндеттер ішінде қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті сақтау, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талаптарына айрықша мән берілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойғаны мәлім. Онда мемлекеттік қызметшілерді қажетсіз рәсімдер мен үдерістерден босатудың, жеке бас …

Адал қызмет – абырой Read More »

Тың жобалармен таныстырды

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Дархан Әмірин елордада Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановпен кездесіп, “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағының өткен жылы атқарған жұмысы жайлы баяндады, алдағы жоспарларымен бөлісті. Дархан Әміриннің айтуынша, “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағына шетелдік инвесторлар ерекше қызығушылық танытып отыр. Оған осыдан екі жыл бұрын Петропавлда ашылған “Солтүстік фанер комбинаты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі …

Тың жобалармен таныстырды Read More »

Өлеңге құмар өрендер

Ғабит Мүсірепов атындағы об­лыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жанынан өлеңге жаны жақын жастардың басын қос­қан “Жас қаламгер” клубының құ­рыл­ғанына бірнеше жыл болды. Атал­ған үйірмеде жас ақындар аға буын өкілдерінен тәлім алып, ше­берліктерін шыңдайды. Мәдениет ордасында дәстүрге сай клубтың қаңтар айындағы отырысы өтіп, қа­тысушылар әдебиет пен өнер төңі­ре­гінде әңгіме өрбітті. Бұл жолы жастармен кездесуге ақын, журналист …

Өлеңге құмар өрендер Read More »

Заманауи қойылым

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Март и слива” атты заманауи спектаклдің тұсауы кесілді. Оны көпшілік назарына оқушылар мен студенттерден құралған “Тишина закулисья” атты жастар студиясы ұсынды. “Март и слива” спектаклінде бү­гінгі күннің өзекті проблемалардың бірі – отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен қарым-қатынас мәселесі көтеріледі. – Бұл идеяны студия актері Илья Беспосместных ұсынған болатын. …

Заманауи қойылым Read More »

Науқастарға – “Жедел жәрдем”

Өңіріміздің “Жедел жәрдем” қызметкерлері алғаш рет сүйек­іші­лік тамырлық қолжетімділік процедурасын қолданды. Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, атал­мыш әдісті облыс фельдшерлеріне Қазақстан-Канада жедел медицина­лық жәрдемінің халықаралық жат­тықтырушылары үйреткен. – Көбінде емдеудің түпкі нәти­жесі тамырлық қолжетімділіктің бо­луына байланысты болады. Науқас­тардың бір бөлігінде тамырлық қолжетімділікті қамтамасыз ету ана­томиялық ерекшеліктері, ауру неме­се жарақат сипатының салдарынан …

Науқастарға – “Жедел жәрдем” Read More »

Бір оқу – қос диплом

Аризона университетінің білім беру бағдарламаларымен танысу, онда оқытылатын мамандықтар жайлы ақпарат беру үшін облыс ор­талығындағы мектептердің оқушы­ларымен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен шараға қатысқан шетелдік меймандар оқу үрдісі қалай жүргізілетінін айтты. Жиын барысында келешекте қос­дипломдық бағдарламаға педагоги­калық бағытты қосу туралы әңгіме қозғалды. Америкадағы Аризона универ­ситетінің білім беру колледжінің де­каны Роберт Берри қаладағы бірне­ше мектепті аралап …

Бір оқу – қос диплом Read More »

Жекпе-жек клубы

Ғабит Мүсірепов атын­да­ғы ауданның Тахтаброд ауы­лында аралас жекпе-жек түр­лерімен айналысуға арналған спорт клубы ашылды. “Тахтаброд” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 шаршы метр аумақты алып жатқан нысан­ның бір бөлігін қалпына келтіруге 17 млн. теңге бағыттап, қысқа мер­зімнің ішінде коммуналдық жүйе­лерін ретке келтірді. Жуынатын және жаттықтырушылар бөлме­ле­рін салып, балалар мен ата-аналарды үлкен қуанышқа бө­леді. Негізгі залда тренажерлар жұ­мыс …

Жекпе-жек клубы Read More »

Орман қорған болмады

Учаскелік инспекторлар Айыр­тау ауданында орын алған заңсыз аң ату фактісін анықтады. Жұмыс ба­бымен ауылдардың біріне бара жат­қан полицейлер орманнан шаңғы із­дерін байқаған. Жолдың бойын тек­серу кезінде екі сібір елігінің еті та­былды. Сол маңда жүрген екі адам полицейлерді көре сала орманға жасырынған. Алайда олардың бі­реуін учаскелік полиция инспекторы танып қалған. Келесі күні жедел-із­дестіру іс-шаралары барысында заңсыз …

Орман қорған болмады Read More »

“Қарақоғадағы” қарақшылар

Өткен жылы Петропавл стан­ция­сындағы желілік поли­ция бө­лі­мінің мамандары 43 құқық бұ­зушылықты тіркеді. Олардың 25-і – қылмыс сана­тына жатқызылды. Пойыздарда жиі орын алатын қылмыстардың кең тараған түрі – есірткі тасымалы. Былтыр ма­ман­дар мұндай 10 фактіні анық­тап, заңсыз айналымнан 71 грамм синтетикалық затты тәркі­леді. Сондай-ақ вокзал аумағын­да ұрлық фактілері де тыйылар емес. 2022 жылы осындай қыл­мысқа барған …

“Қарақоғадағы” қарақшылар Read More »

Төртаяқты көмекшілер

Кинологиялық қызмет орталығы­ның өткен жылғы жұмысы қорытын­дыланды. Иттер қылмыстарды ашу­ға, жарылғыш, есірткі заттарын із­деуге және тағы да басқа мақсат­тарға пайдаланылады. Өткен жылдың тамыз айында осындай қылмыстарға шығу кезінде Гретта лақап аты бар қызметтік ит жалпы салмағы 49 килограмнан асатын марихуананы тауып алды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Кино­логиялық қызмет орталығының бас­тығы, полиция майоры Самат Төле­баевтың …

Төртаяқты көмекшілер Read More »

Иіс тиген сәбилер

Облыс орталығында пешті дұ­рыс қолданбау салдарынан екі бала иіс тиіп уланып қалды. Об­лыстық төтенше жағдайлар де­пар­таменті мемлекеттік өрт ба­қылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуын­ша, оқиға 23 қаңтар күні Петро­павлдағы Смирнов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған. 7 және 4 жастағы сә­билер бірден облыстық көпса­лалы балалар ауруханасына жет­кізілді. Қазір жағдайлары орташа, ем алып жатыр. “Балалардың …

Иіс тиген сәбилер Read More »

Диқанның қалауы – озық техника

2022 жылы елімізде ауыл ша­руа­шылығы өнімдерінің көлемі 9,1 па­йызға артып, 9,3 трлн. теңгені құ­ра­ды. Бұл өсім негізінен өсімдік ша­руашылығы өнімін өндіру көлемін 15 пайызға ұлғайту есебінен болып отыр. Ауа райының қолайсыздығы егін жинау науқанына кері әсерін тигізген жоқ, соның нәтижесінде өнім берекелі болды. Соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғары түсім алынды, яғни дәнді дақылдың 22,8 …

Диқанның қалауы – озық техника Read More »

Жаңашылдың жолы ашық

Былтыр әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына төрт жүзге жуық нәзікжан жүгінген. Мұнда ісін жаңа бастаған шағын бизнес өкілдеріне жеті бағыт бойынша 760 тегін қызмет көрсетіліпті. Бұдан бөлек, бизнес стратегиясын әзірлеу, оқыту (тренингтер, шеберлік сыныптары), қаржыландыру (краудфандинг, инвестиция, грант, лизинг), халықаралық жобаларға қатысу, тағы басқа мәселелер бойынша ақыл-кеңестер беріледі. Орталық тәлімгері Әсел Есжанова жыл бойы он қыз-келіншекті …

Жаңашылдың жолы ашық Read More »

Арақтан бас тартқан ауыл

Ғабит Мүсірепов атында­ғы ауданның Ковыльное елді мекені көпке үлгі. Мұн­дағы тұрғындар осыдан 10 жыл бұ­рын спирттік ішім­діктерден бас тартқан болатын. Облыстық полиция депар­та­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, 405 тұрғыны бар ауыл­да соңғы жылдары бір де бір қыл­мыс тіркелмепті. Полицияның есе­бін­де тұрғандар да жоқ. Бір­неше жыл бұрын елді мекендегі ақса­қал­дар жастарға ішімдік ішу­ден бас тартуды ұсынады. Ха­лық …

Арақтан бас тартқан ауыл Read More »

Тасқынның алдын алу – тұрақты бақылауда

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қаралып, облыс әкімі Айдарбек Сапаров апаттың алдын алу бағытында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар жайлы баяндады. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің хабарлауынша, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, оның қату тереңдігін талдай келе және ақ қар астында мұз қабатының болуын ескере отырып, …

Тасқынның алдын алу – тұрақты бақылауда Read More »

Ербол Хамитов – әлем чемпионы!

Солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды. Спринтті 2:44:23 уақытта бағындырған ол жеңіс тұғырының ең биігіне көтерілді. Спортшы бірнеше күн бұрын Швецияда өтіп жатқан жаһандық додада парабиатлоннан қола жүлде жеңіп алған болатын. Жерлесімізді айтулы жетістігімен облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады. – Ербол Хамитов шаңғымен сырғанаудан спринтте әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Ол әлем біріншілігінің …

Ербол Хамитов – әлем чемпионы! Read More »

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ КЕЛІСІМ

Елордадағы “Астана” халықаралық қаржы орталығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров пен Саха республикасының басшысы Айсен Николаев кездесу өткізді. Екіжақты кездесу барысында екі өңір арасындағы ұзақмерзімді өзара тиімді байланысты дамыту және нығайту мәселелері талқыланды. Айдарбек Сейпілұлы ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдіріп, Саха республикасының инвесторларын өңірдегі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Астықты өлкенің экономикалық әлеуетін …

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ КЕЛІСІМ Read More »

ҮЗДІКСІЗ ЖАТТЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Дәстүрлі сабақтарға қарағанда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектептерде оқыту мен тәрбие үр­дісінің өзіндік ерекшеліктері мен ма­шықты үлгілері қалыптасқан. Әсі­ресе сөйлеу терапиясы, инновация сабақтарында, денсаулық сақтау технологияларын қолдануда лого­педтік тәжірибеге көбірек сүйенеміз. Бұл орайда, мүмкіндігі шектеулі бала ұғымына жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізудің, пайдаланудың маңызы айрықша. Ғасырлар бойы берік сынақтан өткен құндылықтар мен заманауи модельдік …

ҮЗДІКСІЗ ЖАТТЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ Read More »

Халықаралық байқаудың жүлдегері

Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 “а” сынып оқушысы Айсана Құса­йынова “Горизонт – 2100” халықара­лық ғылыми, ғылыми-практикалық және ғылыми-фантастикалық жұ­мыс­тар байқауының жүлдегері атан­ды. Ол өзінің ғылыми-фан­тастикалық шығармасын жарқын бола­шақ туралы эссе түрінде ұсынған. Осы тақырыптағы шығармаларды құмарта оқитын Айсана жастар арасында ұйымдастырылған кон­курсқа қатты қызыққан. Сондықтан бірден сайтта тіркеліп, қатысуға өтініш жолдаған. – Мен бұл байқауды әлеуметтік …

Халықаралық байқаудың жүлдегері Read More »