«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

“Қарақоғадағы” қарақшылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы Петропавл стан­ция­сындағы желілік поли­ция бө­лі­мінің мамандары 43 құқық бұ­зушылықты тіркеді. Олардың 25-і – қылмыс сана­тына жатқызылды.

Пойыздарда жиі орын алатын қылмыстардың кең тараған түрі – есірткі тасымалы. Былтыр ма­ман­дар мұндай 10 фактіні анық­тап, заңсыз айналымнан 71 грамм синтетикалық затты тәркі­леді. Сондай-ақ вокзал аумағын­да ұрлық фактілері де тыйылар емес. 2022 жылы осындай қыл­мысқа барған 16 азамат құрық­талды.

– Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Қарақоға” станциясын­да 3-4 жыл бойы ұрлықты кәсіп қылған теріскейліктер ұсталды. Олар жүк пойыздарына тиелгелі тұрған құнды заттарды қолды қы­лумен айналысқан. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотта қаралуда.

Әкімшілік жауапкершілікке 1604 адам тартылып, оларға хаттама толтырылды. 149 адамға 1 млн. 685 мың теңге көлемінде айып­пұл салынды, – дейді Петропавл стан­циясындағы желілік полиция бө­лімінің бастығы Сәкен Рақы­мов.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp