«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ КЕЛІСІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елордадағы “Астана” халықаралық қаржы орталығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров пен Саха республикасының басшысы Айсен Николаев кездесу өткізді. Екіжақты кездесу барысында екі өңір арасындағы ұзақмерзімді өзара тиімді байланысты дамыту және нығайту мәселелері талқыланды.

Айдарбек Сейпілұлы ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдіріп, Саха республикасының инвесторларын өңірдегі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Астықты өлкенің экономикалық әлеуетін таныстырып, қолға алынып жатқан жобаларға тоқталды. Сауда, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында өзара тиімді ұсыныстар қолдау табатынын жеткізді.

Саха республикасының басшысы Айсен Николаев кездесудің өзара тиімді іскерлікке серпін беріп, іс-қимыл жоспарлары орындалатынынан үмітті екенін білдірді. Республика басшысы машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы және энергетика саласындағы бірлескен бағдарламаларды атап өтті.

Айдарбек Сапаров пен Айсен Николаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Саха республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен меморандумға қол қойды. Сонымен бірге сауда, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт салаларында да тығыз ынтымақтастық орнатылады. Бұл сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы инвестициялық қызметті дамытуға кең жол ашатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp