«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заманауи қойылым

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Март и слива” атты заманауи спектаклдің тұсауы кесілді. Оны көпшілік назарына оқушылар мен студенттерден құралған “Тишина закулисья” атты жастар студиясы ұсынды.

“Март и слива” спектаклінде бү­гінгі күннің өзекті проблемалардың бірі – отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен қарым-қатынас мәселесі көтеріледі.

– Бұл идеяны студия актері Илья Беспосместных ұсынған болатын. Қойылымның мәтінімен танысып, жарты жыл дайындалдық. Мен да­йындық барысында сценарийге көп­теген өзгерістер енгіздім, – дейді ре­жиссер Риана Исмаилова.

Илья Беспоместных – өнер кол­леджінің 2-курс студенті. Актер қойы­лымда басты рөлдердің бірін сом­дады.

– Мен сомдаған кейіпкердің есімі – Слава. Бірақ оны жақындары “Слива” деп атайды. Ол қарапайым өмірде кездесетін қиындықтарға тап болады. Кейіпкер басында балалық­пен барлығын қалжыңға айналды­рып, мәселеге жеңіл қарайды, кейін қателігін түсініп, өзін өзгерткісі келеді, – дейді жас өрен.

Жастар студиясы ерекше қойы­лым­дарымен көрермендерге таңдау жасаудың қаншалықты маңызды екендігін, оның тек шешім қабыл­даған жанға ғана емес, жақында­рына да тікелей әсер ететіндігін жет­кізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp