«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір оқу – қос диплом

Бектұрған Лақадыл

 turgan_bek84@mail.ru

Аризона университетінің білім беру бағдарламаларымен танысу, онда оқытылатын мамандықтар жайлы ақпарат беру үшін облыс ор­талығындағы мектептердің оқушы­ларымен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен шараға қатысқан шетелдік меймандар оқу үрдісі қалай жүргізілетінін айтты. Жиын барысында келешекте қос­дипломдық бағдарламаға педагоги­калық бағытты қосу туралы әңгіме қозғалды.

Америкадағы Аризона универ­ситетінің білім беру колледжінің де­каны Роберт Берри қаладағы бірне­ше мектепті аралап шыққанын, ондағы мақсат – мұғалімдердің оқушыларды қалай оқытып жатқанын көру екенін айтты. Меймандар М.Қо­зыбаев атындағы СҚУ-да қосдип­ломдық білім беру бағдарламасы бо­йынша оқып жатқан студенттермен де тілдескен. “Мектеп бітірер түлек­тердің қандай проблемалармен бет­пе-бет келетінін білу білім сапасын жақсартуға септеседі”, – дейді ол.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың 10-сынып оқушысы Алтынай Сәкен болашақта туризм маман­ды­ғын таңдайтынын айтады. Сондық­тан М.Қозыбаев университетіндегі бі­лім беру бағдарламаларымен та­нысуда, қосдипломдық бағдарлама­ға қатысу ойы бар. “ҰБТ-да геогра­фия мен ағылшын тілін таңдап, ту­ризм мамандығына түскім келеді. Туризм саласы өзіме жақын, себебі саяхаттағанды ұнатамын”, – дейді ол.

Қазіргі таңда М.Қозыбаев атын­дағы СҚУ-да 44 студент қосдиплом­дық білім беру жүйесімен, ал 100-ден астам жас халықаралық бағдар­лама бойынша білімін шыңдап жатқанын айта кеткен жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp