«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҺАРМАНДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы 27 қаңтар күні қаһарман қала – Ленинградтың фашист басқыншылары қоршауынан азат етілгеніне 78 жыл толды. Қан майданда жаудың бетін қайтаруға солтүстікқазақстандық жауынгерлердің қосқан үлесі орасан. Бұл туралы Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған шарада айтылды. Аға буын өкілдері облыс орталығындағы “Қазақстан” кинотеатрының жанында орналасқан 314-ші атқыштар дивизиясының құрметіне орнатылған ескерткішке барып, гүлшоқтарын қойды.

Теңдесі жоқ қаһармандықтың, ерліктің символына айналған адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста 55 солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батыры, 11-і “Даңқ” орденінің толық иегері атанды. Аты аңызға айналған 314-ші атқыштар дивизиясының Қызылжар өңірінде құрылып, 20-дан астам қала мен 1 мыңға жуық елді мекенді жаудан азат еткені белгілі.

– Бұл дивизия 1941 жылдың тамызында құрылды. Бүгін біз бейбіт күнді аңсаған ержүрек батырларымызды, болашақтың шұғылалы сәттерін өздері болмаса да ұрпағымыз көрсе екен деген асқақ арман жетегінде кеудесін оққа төсеген ардагерлерімізді еске алып отырмыз. Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең ірі шайқастардың бірі – Ленинград қаласы үшін болған қырғын. Қаланы қорғау үшін жасақталған әскер құрамындағы 10 мыңға жуық жауынгердің 74 пайызы солтүстікқазақстандықтар болды. 900 күн бойы жау қоршауында қалған Ленинград шайқасы кезінде 640 мыңнан астам адам аштықтан қырылды, жүздеген мың адам жау снарядтары мен авиабомбалардан қаза тапты, эвакуация кезінде оққа ұшқандары қаншама? – деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин.

Тағзым ету шарасына қала әкімінің орынбасары Асқар Ережепұлы мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp