«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтармен бірге күреспек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық құқық қор­ғаушылар екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың төрағалығымен өткен кеңесте интернет-алаяқтықпен күресу мәселесі талқыланды.

Облыстық криминалдық поли­ция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, өңірімізде мұндай қылмыстардың саны жыл сайын көбейіп отыр. Мәселен, 2017 жылы 61 факті тіркелсе, 2022 жылы бұл сан 781-ге дейін өскен. Ең көп шы­ғын “банктен қоңырау шалу” схемасы бойынша келтірілген. Қылмыс­керлер адамдарды миллиондаған несие алуға және ақшаны алаяқтардың өздеріне тиесілі “резервтік шоттарға” аударуға көндіреді.

Кездесуде құқық қорғаушылар несие беру рәсімін жетілдіру мәсе­лесін көтерді. Банк секторы өкілде­рінің айтуынша, менеджерлер үшін тиісті нұсқаулар әзірленуде. Олар тұтынушының үшінші тұлғалардың қысымынсыз қарызды ресімдегелі жатқанына көз жеткізуі тиіс. Поли­цей­лер ақпараттық жұмысты күшей­туді, адамдарға алаяқтардың схемаларын және Азаматтық ко­дексте көзделген банктік заемға қа­тысты дауласу мүмкіндігін түсінді­руді ұсынды. Сондай-ақ ұсыныстар арасында дропперлерді анықтау, ресми сұраулар бойынша жауап алу уақытын қысқарту үшін жедел ақпарат алмасу бар.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp