«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 28, 2023

Табан тірер тұрағымыз

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Ауылды қазақсыз, қазақты ауылсыз елестету қиын. Қанша жерден кеуде керіп, қала тұрмысына дағдыландық дегенімізбен кіндігіміз туған жердің топырағына байлаулы тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Мен Мамлют ауданындағы Токаревка ауылында туып, сонда мектеп бітірдім, Омбының мал дәрігерлік институтын тамамдадым. Жеке шаруашылықпен айналысқаныма жиырма жылдан асты. Бүгінгі таңда “Хуландой” және “БОРЗ” жеке …

Табан тірер тұрағымыз Read More »

Үш жүздің болған данасы

Қасиетті Қызылжар өңірінен ұлан-байтақ жерімізді, бытырай қонған елімізді арам пиғылды жаудан қорғаған қол бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, “егеулі найза қолға алған” баһадүр батырлар аз шықпаған ғой. Тәуелсіздік туы желбірегеннен бері осы біртуар алыптарымызды халқымен қайта қауыштырған игілікті шаралардың атқарылып жатқаны рас. Мұндай рухани жиындар биыл да жалғасын таппақ. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер …

Үш жүздің болған данасы Read More »

Туған жер тұлғалары

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жаны­нан құрылған “Sаnа” әдеби-музыкалық клубының ұйымдас­тыруымен “Туған жерім – алтын бесігім” атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында қатысушылар өлкетану, өңірімізден шыққан тұлға­ларды зерттеу мәселелерін көтеріп, Қызылжар тарихына қатысты тың де­ректермен бөлісті. Біздің өлкеміздің, қаламыздың дамуына зор үлес қос­қандардың есімдері еске алынды. Спикерлер қала мен облыстың кө­рікті жерлері туралы айтып берді. …

Туған жер тұлғалары Read More »

Мас жүргізуші

Мамлютка қаласында түн ортасында жүрген “Nissan” маркалы ав­токөлігі полиция қызметкерлеріне күдікті кө­рінген. Көлік жүргізушісі тоқ­тау туралы талапты елемеген. Тәр­тіп сақ­шылары соңынан қуып, авто­көлікті Покровка ауылында тоқтат­қан. Са­лон ішінде Мамлютка қала­сы­ның 32 және 46 жастағы тұрғын­дары болған, олардан спирттік ішім­діктің иісі шы­ғып тұрған. Белгілі бол­ғандай, 32 жас­тағы жүргізуші өткен жылдың мау­сым айында жеті жылға көлік басқару …

Мас жүргізуші Read More »

Жолға бөлінген ақшаны жымқырған

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда автокөлік жолы то­лыққанды жөнделмесе де, шенеуніктер бөлінген қаржыны жым­қырып үлгерген. Аталған фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депар­таментінің қызметкерлері анықтады. Ғабит Мүсірепов атындағы ау­да­нда “Ауыл – ел бесігі” мем­лекеттік бағдарламасы бойынша ав­токөлік жолы жөнделуі тиіс бола­тын. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қомақты қаражат та бөлінген. Алайда өз пайдасын ой­лаған шенеуніктер …

Жолға бөлінген ақшаны жымқырған Read More »

Алаяқтармен бірге күреспек

Солтүстікқазақстандық құқық қор­ғаушылар екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың төрағалығымен өткен кеңесте интернет-алаяқтықпен күресу мәселесі талқыланды. Облыстық криминалдық поли­ция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, өңірімізде мұндай қылмыстардың саны жыл сайын көбейіп отыр. Мәселен, 2017 жылы 61 факті тіркелсе, 2022 жылы бұл сан 781-ге дейін өскен. Ең …

Алаяқтармен бірге күреспек Read More »

Балалы болудың баламалы жолы

Өңірде сәби сүйе алмай жүрген отбасыларға биыл “Аңсаған сәби” бағдарламасы бойынша 190 квота бөлінді. Қа­зіргі уақыт­та болашақ ата-аналар медициналық тексеруден өтуде. Жал­пы үш жылда президенттік бағдарламаның арқасында экстракор­поральды ұрықтандыру жолымен 125 ерлі-зайыпты перзент сүйді. Облыстық көпсалалы ауруха­на жанындағы перинаталдық орта­лық баспасөз қызметінің мәліме­тінше, “Аңсаған сәби” бағдарла­масы аясында биыл бөлінген квота былтырғыдан 20-ға аз. Былтыр өңірге …

Балалы болудың баламалы жолы Read More »

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

Солтүстік Қазақстан облысында бес мыңға жуық беларус тұрады. Қызылжар өңірінде тұрып жатқан беларустардың ата-бабаларының көпшілігі Қазақстанға соғыстан кейінгі жылдары, тың жерлерді игеру кезінде келген. Тағдырдың жазуымен қазақ жерін мекен еткен оларды жергілікті жұртшылық жатсынған емес. Біз бірлігі жарасқан елде тірлік кешіп жатқанымызды мақтаныш етеміз. Беларус мәдениетін дамыту, та­рихын, ана тілін, әдет-ғұрпы мен дәс­түрін зерттеу мақсатында …

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ – АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ САЙЛАУ

Әділетті Қазақстан құру жолындағы ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыруға басымдық берілуі саяси жаңа­рулар қоғам және уақыт талабынан туындап отырғанын тағы бір мәрте айғақтап берді. Соның бірі – кезектен тыс Мәжіліс және мәс­лихаттар сайлауы. Бұл науқанның бұрынғы сайлаулардан өзге­шелігі, партиялық тізім және бірмандаттық округ бойынша жа­сақтаудың ерекшелігі, аралас сайлау жүйесінің тиімділігі және басқа мәселелер жайлы облыстық …

ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ – АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ САЙЛАУ Read More »