«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балалы болудың баламалы жолы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде сәби сүйе алмай жүрген отбасыларға биыл “Аңсаған сәби” бағдарламасы бойынша 190 квота бөлінді. Қа­зіргі уақыт­та болашақ ата-аналар медициналық тексеруден өтуде. Жал­пы үш жылда президенттік бағдарламаның арқасында экстракор­поральды ұрықтандыру жолымен 125 ерлі-зайыпты перзент сүйді.

Облыстық көпсалалы ауруха­на жанындағы перинаталдық орта­лық баспасөз қызметінің мәліме­тінше, “Аңсаған сәби” бағдарла­масы аясында биыл бөлінген квота былтырғыдан 20-ға аз. Былтыр өңірге тегін ЭКО жасатуға 210 квота берілген болатын.

Перинаталдық орталықтың бұл бағдарламаға қатысқанына үшінші жыл. 2021 жылы 217 квота бөлініп, соның 90 пайыздан ас­та­мы пайдаланылды. Осы аралықта жасанды ұрықтандырудың нәтиже­сінде дәрігерлер 125 әйелді босандырып алды. Өмірге 16 егіз сәби келді.

Дәрігерлердің айтуынша, ЭКО про­цедурасын негізінен жасы 30-дан асқан келіншектер алған.

Өңірде бедеулік мәселесі өткір тұр. Мамандар 700-ден астам от­басыны репродуктивті қызметте­рінің бұзылуына байланысты есеп­ке алған.

Жалпы былтыр облыстық пе­ринаталдық орталық 6,5 мыңнан артық пациентті қабылдап, 4,5 мыңға жуық келіншекті босандыр­ды. Соның 1150-де кесарь тілігі қол­данылған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp