«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас жүргізуші

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлютка қаласында түн ортасында жүрген “Nissan” маркалы ав­токөлігі полиция қызметкерлеріне күдікті кө­рінген. Көлік жүргізушісі тоқ­тау туралы талапты елемеген. Тәр­тіп сақ­шылары соңынан қуып, авто­көлікті Покровка ауылында тоқтат­қан. Са­лон ішінде Мамлютка қала­сы­ның 32 және 46 жастағы тұрғын­дары болған, олардан спирттік ішім­діктің иісі шы­ғып тұрған. Белгілі бол­ғандай, 32 жас­тағы жүргізуші өткен жылдың мау­сым айында жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған екен. Соған қарамастан, ол тағы да рөлге оты­рыпты. Медициналық куә­ландыру оның мас екенін көрсетті. Аталған іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілі­міне енгі­зілді.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp