«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Туған жер тұлғалары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жаны­нан құрылған “Sаnа” әдеби-музыкалық клубының ұйымдас­тыруымен “Туған жерім – алтын бесігім” атты әдеби кеш өтті.

Кеш барысында қатысушылар өлкетану, өңірімізден шыққан тұлға­ларды зерттеу мәселелерін көтеріп, Қызылжар тарихына қатысты тың де­ректермен бөлісті. Біздің өлкеміздің, қаламыздың дамуына зор үлес қос­қандардың есімдері еске алынды. Спикерлер қала мен облыстың кө­рікті жерлері туралы айтып берді.

– Біздің өңірдің өткеніне үңілсек талай тарихқа қанығамыз. Қызыл­жардан аузы дуалы ақындар, ше­шен­дер, ел басқарған тұлғалар аз шық­паған. Өкінішке қарай, бүгінгі ұр­пақ оларды біле бермейді. Ел ау­зында жүрген аңыздар да жетерлік. Солардың бәрі өлкетанушыларға, әдебиет зерттеушілеріне үлкен ол­жа, – деді өлкетанушы Дәстен Абы­лайұлы.

Шараның екінші бөлімінде ком­по­зитор, өлкетанушы, термеші, ай­тыс жанашыры Дәстен Баймұқанов­тың шығармашылығы туралы сөз болды. “Ѕаnа” клубының қатысушы­ла­ры­ның, туыстары мен әріптесте­рінің, спикерлердің, курстастарының лебіздері тыңдалды.

Шығармашылық кеште Дәстен Баймұқановтың әндері шырқалды. “Қазағым”, “Сандуғаш”, “Қанбақ”, “Дә­уір” атты туындылар тыңдарманның көңілінен шықты.

Алтынай СЫЗДЫҚОВА,

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp