Мамлютка қаласында түн ортасында жүрген “Nissan” маркалы автокөлігі полиция қызметкерлеріне күдікті көрінген. Көлік жүргізушісі тоқтау туралы талапты елемеген. Тәртіп сақшылары соңынан қуып, автокөлікті Покровка ауылында тоқтатқан. Салон ішінде Мамлютка қаласының 32 және 46 жастағы тұрғындары болған, олардан спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған. Белгілі болғандай, 32 жастағы жүргізуші өткен жылдың маусым айында жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған екен. Соған қарамастан, ол тағы да рөлге отырыпты. Медициналық куәландыру оның мас екенін көрсетті. Аталған іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.