«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоғалған сәбиді иісшіл ит тапты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов ауданында екі жүзге жуық адам із-түссіз жоғалған 10 жа­сар баланы екі тәулік бойы іздеді. Оны табуға қызметтік-іздестіру иті кө­мектесті. Баланың жоғалғаны тура­лы 26 қаңтар күні белгілі болған. Із­деу шараларына полицейлерден бө­лек, өрт сөндіру және төтенше жағ­дайлар бөлімдерінің, аудан әкімдігі­нің қызметкерлері жұмылдырылған. Облыстық полиция департаменті­нен екі іздеу тобы мен Жасқайрат, Қайрат, Қулыкөл және басқа да ауылдардың тұрғындары көмек көр­сеткен. Біреулер жаяу, келесілері автокөліктермен, атпен тө­ңі­ректі қараған. 27 қаңтар күні бала аман-есен бос тұрған үйден та­былды. Бұл үйдің иелері жол жүріп кетіпті. Сәбиді аудандық полиция бө­лімінің кинолог-инспекторы Нұрлан Жауар Цефей есімді неміс овчаркасының көмегімен тауып алған.

– Бала медициналық мекемеге жеткізілді, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Ювеналдық полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, баланың отбасымен жұмыс жүргізілетін болады. Поли­ция бөлімі басшылығының және жеке құрамның атынан іздеу жұмыс­тарына қатысқан ауданның барлық тұрғындарына алғысымды білдіре­мін, – дейді Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Руслан Алижанов.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp