«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 30, 2023

ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙ ШЫҒУДЫҢ ҚАМЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің осы жылдағы алғашқы отырысы өтіп, өңір тұрғындарын толғандырып жүр­ген бірқатар мәселелер қаралды. Со­ның бірі – Петропавл №2 жылу-электр орталығының жұмысы. Об­лыс­тық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бас­қар­масы басшысының міндетін атқа­ру­шы Евгения Островская 24 қыр­күйекте басталған жылыту маусымы кестеге сай өтіп жатқанын айтты. Жөн­деу-қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 12 …

ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙ ШЫҒУДЫҢ ҚАМЫ Read More »

Ажары кірген Арықбалық

Ауылдарды дамыту, онда тұра­тын адамдардың өмір сапасын жақ­сарту мемлекеттік саясаттың аса ма­ңызды бағыттарының бірі болып та­былады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Ауыл – ел бесігі” жобасын жү­зеге асыруға бағытталған 30 млрд. теңгеге үш жыл ішінде қосымша тағы 90 млрд. теңге бөлуді тапсырған бо­латын. Бұл қаражатты көлік, ауызсу, газбен қамту сияқты инфрақұ­ры­лымдық мәселелерді шешумен қа­тар, мектеп, аурухана, спорт …

Ажары кірген Арықбалық Read More »

Синтетикалық есірткі сататындар көбейген

Бүгінгі күні жастар арасында ең өзекті проблема саналатын есірткі жайлы статистикалық мәліметтер жан түршіктіреді. Ол туралы об­лыстық полиция департаменті есірт­кі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Иван Тер­зиди өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсли­хатында мәлімдеді. Облыс бойынша жарты мыңға жуық нашақор тіркеуге алынған. Ола­рдың арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. “Былтыр 139 адам есірткі сау­дасы бойынша …

Синтетикалық есірткі сататындар көбейген Read More »

Елордалық өнерпаздар тартуы

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның сахна­сында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі мен камералық хоры “GAME EVOLUTION VOL.2” атты концерт қойды. Астаналық өнерпаздар теріскей­дің өнерсүйер қауымын ерекше әуендерімен тамсандырды. Концерттік бағдарлама 1990 жылдардан бүгінгі уақыт аралығында жарыққа шыққан танымал компьютерлік ойын саундтректерінен тұрады. Әуесқой ойыншылар әдеттегідей монитор алдындағы креслода емес, концерт залында …

Елордалық өнерпаздар тартуы Read More »

Бір жарыста үш жүлде

Солтүстікқазақстандық спорт­шы Ербол Хамитов әлем чемпио­натында парабиатлоннан 12,5 ки­ло­метр қашықтықты 41 минут 37,9 секундта бағындырып, мәреге үшінші болып келді. АҚШ спорт­шысы Арон Пайк мәреге бірінші болып жетсе, Гер­мания спорт­шы­сы Скот Минах екінші орынды иеленді. Ербол Хамитов бұған дейін па­ра­биатлоннан 7,5 қашықтықта қо­ла, ал парашаңғышылар арасында спринт жарысында алтын медальді жеңіп алған болатын. Жерлесіміз осылайша бір …

Бір жарыста үш жүлде Read More »

Ақтық сында сүрінді

Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ші ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі “ATP Challenger Tour” турнирінің финалында жеңіліп қалды. Тимофей Скатов соңғы бәсеке­де әлемнің 76-шы, осы жарыстың 1-ші ракеткасы, аргентиналық Феде­рико Кориамен бас жүлдені сарапқа салды. Аргентиналық спортшы екі сағатқа созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 брейк-пойнттың төртеуін пайда­ланды. Тимофей 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. …

Ақтық сында сүрінді Read More »

Актерлік шеберлік мектебі

Қысқаметражды фильм түсіруден өңірімізге белгілі әуесқой режиссер Дамир Мәкімкенов балаларға арналған актерлік шебер­лік мектебін ашпақшы. Дәрістерді Петропавлдағы орыс және қазақ драма театрларының кәсіби әртістері жүргізбек. Бұл игі бас­таманы Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сара Алдаева да қолдады. Мектеп ашу идеясы жақында пай­да болған. Өйткені оның фильм­деріне кастинг жүргізу барысында …

Актерлік шеберлік мектебі Read More »

Заңсыз алкоголь тәркіленді

Мамлют ауданында 143 литр заң­сыз алкоголь тәркіленді. Мамлюттік полицейлер ауылдың бір тұрғыны­ның ащы суды лицензиясыз дү­кенде емін-еркін сатып келгенін анықтады. Кәсіпкерге қатысты Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы ко­декстің 463-бабы бойынша іс қоз­ғалды. Аудандық полиция бөлімі ма­мандарының айтуынша, Мамлют ау­данындағы көптеген қылмыс мас күй­­де жасалады. Ащы суға бөгіп ал­ған олар ойына келгенін істейтін көрі­неді. Сол себепті, заңсыз …

Заңсыз алкоголь тәркіленді Read More »

Алғыс арқалаған инспекторлар

Тоқшын мен Знаменское ауыл­дарының арасында Омбыдан келе жатқан петропавлдықтардың көлі­гі­­нен ақау шыққан. Айдалада тұ­рып қалған көліктің іші тез суитыны белгілі. Тоңып қалған қала тұрғындарын патрульдік по­лиция батальонының инспекторлары Сұл­тан Қуанышев пен Совет Балтабаев байқап қалады. Жол полицейлері облыс орталығынан эвакуатор ша­қы­рып, жаураған қа­лалықтарды тех­ника келгенге дейін қызметтік көлік­ке отырғызған. Мамлют ауданындағы Покров­ка ауылында тұратын бір …

Алғыс арқалаған инспекторлар Read More »

Жоғалған сәбиді иісшіл ит тапты

Уәлиханов ауданында екі жүзге жуық адам із-түссіз жоғалған 10 жа­сар баланы екі тәулік бойы іздеді. Оны табуға қызметтік-іздестіру иті кө­мектесті. Баланың жоғалғаны тура­лы 26 қаңтар күні белгілі болған. Із­деу шараларына полицейлерден бө­лек, өрт сөндіру және төтенше жағ­дайлар бөлімдерінің, аудан әкімдігі­нің қызметкерлері жұмылдырылған. Облыстық полиция департаменті­нен екі іздеу тобы мен Жасқайрат, Қайрат, Қулыкөл және басқа да …

Жоғалған сәбиді иісшіл ит тапты Read More »

САЙЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП

Петропавлда және өңірдің барлық аудандарында мәслихаттардың бұрынғы депутаттарының есепті кездесулері өтті. Бұрынғы халық қалаулылары партиялықтарға өз жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады. “AMANAT” партиясы Мамлют аудандық филиалының төрайымы Алтын Сағитова Дубровинское ауылындағы әріптестерімен кездесті. Ол жетінші шақырылымның жұмысы басталғаннан бері барлығы 33 сессия, оның ішінде 15 кезекті және 18 кезектен тыс сессия өткізілгенін айтты. Барлығы 280 мәселе, …

САЙЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП Read More »

Ұлттық жобалардың барысымен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысымен және “Ауыл аманаты”, “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту”, ​​“Жайлы мектеп” ұлттық жобаларының іске асу барысымен танысты. Вице-премьер алдымен шағын несиелеу бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Өңірде өз ісін ашып және дамытқысы келген азаматтардың кәсіпкерлік бастамалары қолдау тауып келеді. Соңғы 3 жылда бұл мақсатқа 5 …

Ұлттық жобалардың барысымен танысты Read More »

“Сен де кеттің, мен де кеттім…”

Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басқа­лы санамызда бұрыннан қалып­тас­қан көп қағида күшін жойды. Жаңа­шыл идеялар дәстүрлі ой-танымымызды өзгертіп, айналадағы әлемді басқаша тани бастадық. Өмірімізге дендеп енген ғаламтор болса, бізге бұрын түсімізге кірмеген мүмкіндік­тер сыйлады. Енді әр адам қай қиыр­да жүрсе де, көгілдір экранның күші­мен бар әлемді шарлай алады. Бұл өзгерістер аға буынға айтарлықтай әсер етпегенімен, жастардың …

“Сен де кеттің, мен де кеттім…” Read More »

Үлкен теннистегі жаңа есім

Әлемдегі танымал спорт түрлерінің бірі – үлкен теннис. Соңғы уақытта қазақстандық спортшылар да биік шыңдарды бағындыруда. Елена Рыбакина былтыр үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, айды аспаннан бірақ шығарған болатын. Ол биыл да сәтті өнер көрсетуде, Австралия ашық біріншілігінің финалына шықты. Алайда ерлер арасында жарқ етіп шыққан жарық жұлдыз жоқтың қасы, дегенмен соңғы уақытта Петропавлдың тумасы …

Үлкен теннистегі жаңа есім Read More »