«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғыс арқалаған инспекторлар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқшын мен Знаменское ауыл­дарының арасында Омбыдан келе жатқан петропавлдықтардың көлі­гі­­нен ақау шыққан. Айдалада тұ­рып қалған көліктің іші тез суитыны белгілі. Тоңып қалған қала тұрғындарын патрульдік по­лиция батальонының инспекторлары Сұл­тан Қуанышев пен Совет Балтабаев байқап қалады. Жол полицейлері облыс орталығынан эвакуатор ша­қы­рып, жаураған қа­лалықтарды тех­ника келгенге дейін қызметтік көлік­ке отырғызған.

Мамлют ауданындағы Покров­ка ауылында тұратын бір отбасы – әке­сі, анасы және ұлы үшеуі Мең­гесер ауылынан мал азығын сатып алып, үйлеріне қайтып келе жат­қан кезде көлік тіркемесінің доңға­лағы жары­лып қалады. Жол қозғалысының басқа қатысушыла­рына кедергі кел­тірмеу үшін саға­тына 20-30 шақы­рым жыл­дам­дықпен жүруге тура кел­ген. Осылай құр темір дискімен 50 шақырымды жүріп өтеді. Афонькино мен Воскре­сенов­ка ауылдарының арасында оларды Дубровное ауылдық окру­гінің учас­келік полиция инспекторы, полиция майоры Әлібек Өсіпов байқап қал­ған. Тәртіп сақ­шысы Мамлютка қала­сына бара жатыпты. Полиция қыз­меткері көмегін ұсынып, ұл­ын үйіне дейін жеткізіп салған. Кейін ол қайтып ора­лып, тіркеменің доңғалағын ауыс­тырған.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp