Қаңтар айының соңында түнгі сағат үштер шамасында “Нива” автокөлігін жүргізіп келе жатқан 36 жастағы қала тұрғынын патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан. Интернационал көшесі бойымен жүрген оның қозғалысы жол сақшыларына күмәнді көрінеді. Жүргізушіден алкогольді ішімдіктің иісі шығып тұрған. Алайда ол масаңдық деңгейін анықтау үшін ұсынылған медициналық куәландырудан бас тартады. Бұл әрекетімен ол заң алдындағы жауапкершіліктен жалтара алмады. Көлікті мас күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру көзделсе, медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін сол мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған. Мас жүргізушінің қанша жыл бойы көлік рөліне отырмайтынын сот шешеді.
Әсет ҚАНАФИН.