«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 3, 2023

ҒҰМЫРЫН ҒИБРАТПЕН ӨРГЕН

Қай жазушының өмірбаянын алып қарамайық, олардың барлы­ғының әдебиеттегі дара жолын өлең жазудан бастағанын аңғарамыз. Проза мен поэзияны қос қанатына айналдырып, шығармашылықтың көгінде қырандай қалықтаған қа­ламгерлеріміз аз емес. Кезінде жазушы Ғабдол Сланов “Қазақ әдебиеті” газетінде жария­ланған мақаласында бір топ жас талапкер­дің тырнақалды туын­ды­ларын тал­дап, аяқ алысына баға берген. Со­лардың қатарында жер­лесіміз Ер­мек Қонарбаевтың да есім­і аталады. …

ҒҰМЫРЫН ҒИБРАТПЕН ӨРГЕН Read More »

ҚЫЛЫШПЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚИССА

Халқымыздың тарихындағы ең қасіретті, күрделі кезеңнің бірін терең қамтып, сұрапыл сипаттаған, жеті бөлімнен, 3683 шумақтан, 14732 жол­дан тұратын Қожаберген Толыбайұлының теңдессіз туындысы “Елім-айға” – 300 жыл. Әз-Тәукенің оң қолы Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлдіреп жас келеді. Еділ мен Жайық жақтан көш келеді, Ат …

ҚЫЛЫШПЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚИССА Read More »

СЕРПІНДІ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалық етуімен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижановтың есебі тыңдалды. Баяндамашы Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтты, макроэкономикадағы индикатор 107,7 пайызды құрағанын жеткізді. Ауыл шаруашылығында 1117,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Астық, басқа да дақылдардың есебінен өсімдік шаруашылығындағы …

СЕРПІНДІ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ Read More »

Лаңкестікке қарсы комиссия отырысы

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Жиында діни экстремизм мен терроризм идеологиясын тарату ықтималдылығы зор салаларда алдын алу жұмыстарын жүргізуге, мамандандырылған ақпараттық түсіндіру тобы жұмысының ықпалдылығын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды кешенді түрде жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында әлеуметтік зерттеулер жүргізуге айрықша назар аударылды. …

Лаңкестікке қарсы комиссия отырысы Read More »

“МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН” челленджі бастау алды

Мағжан Жұмабаев ауданында тұратын он екі жасар Жасмин Қалдыбек өзінің “Instagram” парақшасында шығармашылық эстафетаны қолдауға шақырған бейнеролик жариялады. – Биыл Алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толмақ. Осыған байланысты біздің ұлы жерлесіміздің Отаны – Сарытомар ауылынан “Мен жастарға сенемін” челленджін бастағым келеді, – деп атап өтті Жасмин. “AMANAT” партиясының қолдауымен өтетін челлендждің мәні – …

“МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН” челленджі бастау алды Read More »

Сирек мамандық иесі

Асхат Баймұратов – №2 Петропавл жылу электр орталығындағы мақтаулы мамандардың бірі. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін бітіріп, бірден осы кәсіпорынға жұмысқа орналасқан. Содан бері 14 жылға жуық уақыт бір орында тапжылмастан еңбек етіп келеді. Бастапқыда жас маман автоматиканы және электр станцияның өлшегіш құралдарын жөндеп, қызмет көрсететін электр слесарі ретінде тәжірибе жинап, кәсіби тұрғыда әбден …

Сирек мамандық иесі Read More »

МАҒЖАННЫҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ

Биыл мерейтойлары аталып өтілетін ақын-жазушылардың ең биік шоғырында қазақ өлеңін жаңа деңгейге көтерген қалам­гер, Алаштың ардақты перзенті Мағжан Жұмабаев тұрғаны ақи­қат дүние. Ақынның 130 жылдығына арналған шаралар легі оның туған жері Қызылжар өңірінде басталып кетті. Сондай жиын­дардың бірі Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әм­бебап кітапханада өтті. “Біздің Мағжан” атты ауқымды көрменің ашылуына жырсүйер қа­уым мен жастар …

МАҒЖАННЫҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ Read More »

Ерік Асқаровтың көзәйнегі

Облыстық тарихи-өлке­тану музейі қорындағы құн­ды жә­дігерлердің бірі – ақын, жерле­сіміз Ерік Асқаровтың көзәй­негі. Қазақ айтыс өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан талант иесі ар­тына “Қарлығаш”, “Жетіген”, “Аққу­дың көгілдірі” сынды бірқатар жыр жинақтарын қалдырған. Оның “Қаралы көш” әңгімесіне ақын, журналист Болат Қожахме­тов: “Шұғаның белгісіне” ұқсайды”, – деп хат жазса, қазақтың суреткер жазу­шысы, “Жұлдыз” журналының сол кездегі қызметкері …

Ерік Асқаровтың көзәйнегі Read More »

Инспектордың жазасы – бес жыл

Мамлют аудандық соты ор­ман ішінде жидек теріп жүрген әйелді аң екен деп ойлап атып өл­тірген Жамбыл ауданының тұр­ғы­ны Сергей Лосеняны 31 қаңтар күнгі үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырғанын га­зетіміздің өткен санында жаз­ған­быз. 2 ақпан күні осы оқиғаның ішінде болған учаскелік инс­пектор да жауапкершілікке тар­тылып, оны 5 жылға темір тор­ға қамау жөнінде үкім шықты. Тәртіп …

Инспектордың жазасы – бес жыл Read More »

Түрмедегі тәртіпсіздік салдарынан бірнеше адам қызметтен кетті

Айыртау ауданындағы түзеу мекемесінде болған кісі өліміне қатысты бірнеше адам жазаланды. Облыстық прокуратураның мә­лі­метінше, анықталған бірнеше олқылыққа байланысты осы меке­менің басшылық лауазымдағы екі маманы қызметінен босатылды. Тағы бес қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыс прокуратурасының осы мекеменің қызметінде бірқатар елеу­лі бұзушылықтарды анықтаған ұсы­ны­сы өңір прокурорының орын­ба­сары Мұрат Қожамқұловтың қаты­суымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің қылмыстық-атқару …

Түрмедегі тәртіпсіздік салдарынан бірнеше адам қызметтен кетті Read More »

Ережені елемеген

Облыс полицейлері “Шетелдік” ак­циясының бірінші күнінде Қазақ­стан Республикасында болу ереже­лерін бұз­ған басқа мемлекеттердің 14 аза­матын анықтады. Олардың бар­лығы ел аумағында болу мер­зі­мін бұзған. Уақыты аяқталғаннан ке­йін еліміздің қонақтары оның ау­ма­ғынан шығуы немесе жауапты ор­ган­ға мерзімдерін ұзарту туралы ал­дын ала жүгінуі тиіс. Сондай-ақ шетелдік­терді паналатып, құзырлы ор­гандар­ға хабарламаған облыстың 20 тұрғы­ны жауапқа тар­тылды. Тәр­тіп сақшы­лары қабылдау­шы …

Ережені елемеген Read More »

Қоқыс маңындағы қаңғыбастар қылмыскерлер боп жүрмесін

Петропавлда полиция қызмет­керлері тұрғылықты мекенжайы жоқ жандарды анықтауға және тек­серуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Жылу құ­бырлары, кәріздік құдықтар, жер­төлелер. Қабылдау-тарату орны­ның қаңғыбастарды жинау тобы үй-күйсіз жүрген адамдар болуы мүм­кін осындай орындарды күн сайын тексереді. Полиция қызметкерле­ріне қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, оқыс оқиғалардың алды­н алу міндеті жүктелген. Қаңғыбастарды жинау тобы бас­панасыз жүргендерді ең алдымен қабылдау-тарату орнына …

Қоқыс маңындағы қаңғыбастар қылмыскерлер боп жүрмесін Read More »

Заң алдында жауап бермек

Қаңтар айының соңында түнгі са­ғат үштер шамасында “Нива” авто­көлігін жүр­гізіп келе жатқан 36 жас­тағы қала тұрғынын патрульдік по­лиция батальо­нының қызметкерлері тоқтатқан. Интернационал көшесі бо­йымен жүрген оның қозғалысы жол сақшыларына кү­мәнді көрінеді. Жүр­гізушіден алкоголь­ді ішімдіктің иісі шығып тұрған. Алайда ол масаңдық деңгейін анықтау үшін ұсы­нылған ме­дициналық куәландырудан бас тар­та­ды. Бұл әрекетімен ол заң ал­дын­дағы жауапкершіліктен жалтара …

Заң алдында жауап бермек Read More »