«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Инспектордың жазасы – бес жыл

Өмір Есқали

 u_shalabaeva@mail.ru

Мамлют аудандық соты ор­ман ішінде жидек теріп жүрген әйелді аң екен деп ойлап атып өл­тірген Жамбыл ауданының тұр­ғы­ны Сергей Лосеняны 31 қаңтар күнгі үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырғанын га­зетіміздің өткен санында жаз­ған­быз. 2 ақпан күні осы оқиғаның ішінде болған учаскелік инс­пектор да жауапкершілікке тар­тылып, оны 5 жылға темір тор­ға қамау жөнінде үкім шықты.

Тәртіп сақшысы арты ауыр зар­дапқа соқтырған қызметтегі әрекет­сіздігі үшін Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-тармағы бойынша айып­ты деп танылды. Ол ішкі істер орга­нының жауапты уәкілі бола тұра, аң­шымен бірге ішімдік ішіп, оның заң­сыз әрекетіне тосқауыл қоймаған. Кі­нәсі куәгерлердің айғақтарымен және бейнежазба материалдарымен дәлелденді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ өмір бойына мем­лекеттік, заң қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан және полиция майоры шенінен айырылды.

Мамлют аудандық сотының төра­ға­сы Азамат Дүйсенов сот үкімі тура­лы журналистерге берген түсінікте­месінде: “Сот процесі барысында жа­заны ауырлататын болмаса жеңілде­тетін барлық жағдайлар нақты ай­ғақтармен мұқият зерделенді. Қыл­мыстық кодексте адамды байқамай өлтіргені үшін 3 жылға, атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін 5 жылға жаза белгіленген”, – деді.

Прокурор эксполицейге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанын айта кеткен жөн. Тілші­лер­дің кісі өлтірген адамға – 3 жыл, ал жанында болған инспекторға неге 5 жыл берілгені туралы сұрағына ол Сергей Лосеняның қылмысын толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдір­гені ескерілгені, ал ауыр зардаптарға соқтыратын қызметтік әрекетсіздік үшін 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы көзделгенін айтты. Бұл жерде кәмелетке толмаған бала­ларының болуы, жәбірленушіге меди­циналық көмек көрсету секілді мән-жайлар ескерілген екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp