«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ережені елемеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері “Шетелдік” ак­циясының бірінші күнінде Қазақ­стан Республикасында болу ереже­лерін бұз­ған басқа мемлекеттердің 14 аза­матын анықтады. Олардың бар­лығы ел аумағында болу мер­зі­мін бұзған. Уақыты аяқталғаннан ке­йін еліміздің қонақтары оның ау­ма­ғынан шығуы немесе жауапты ор­ган­ға мерзімдерін ұзарту туралы ал­дын ала жүгінуі тиіс. Сондай-ақ шетелдік­терді паналатып, құзырлы ор­гандар­ға хабарламаған облыстың 20 тұрғы­ны жауапқа тар­тылды. Тәр­тіп сақшы­лары қабылдау­шы тарап­тың кө­ші-қон қызметін ше­телдіктер­дің кел­гені туралы үш жұ­мыс күні­нен кешіктірмей хабардар етуі тиіс екенін еске са­лады.

Көші-қон полицейлерінің мінде­ті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қандай да бір себептермен қиын жағ­дайға тап болған адамдар­ды анық­­тау және оларға құқықтық мәр­тебесін реттеуге көмектесу. Ак­ция шең­берінде полицейлердің үй-үйді ара­лауы барысында шетелдік­терге заңнамадағы өзгерістер түсін­діріле­ді. 27 қаңтардан бастап олардың Қазақ­стан Республикасында болуы 90 күннен аспауы керек, ке­лесі 90 күндік кезеңді олар шетелде өткізуі қажет.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp