«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заң алдында жауап бермек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтар айының соңында түнгі са­ғат үштер шамасында “Нива” авто­көлігін жүр­гізіп келе жатқан 36 жас­тағы қала тұрғынын патрульдік по­лиция батальо­нының қызметкерлері тоқтатқан. Интернационал көшесі бо­йымен жүрген оның қозғалысы жол сақшыларына кү­мәнді көрінеді. Жүр­гізушіден алкоголь­ді ішімдіктің иісі шығып тұрған. Алайда ол масаңдық деңгейін анықтау үшін ұсы­нылған ме­дициналық куәландырудан бас тар­та­ды. Бұл әрекетімен ол заң ал­дын­дағы жауапкершіліктен жалтара ал­мады. Көлікті мас күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқы­ғынан айыру көзделсе, медициналық куәландыру­дан өтуден бас тартқаны үшін сол мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 8 жылға кө­лік жүргізу құқы­ғынан айыру қарасты­рылған. Мас жүргізушінің қанша жыл бойы көлік рөліне отырмайтынын сот шешеді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp