Апатты мектептер азаяды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Облыстық білім басқармасының 2022 жылдың жұмыс қорытындылары мен 2023 жылға арналған жоспарлары” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков бұл салада атқарылып жатқан оң өзгерістер жайлы баяндады.

Нәзір Азаматұлының сөзінше, соңғы 3 жылда өңірдегі білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге өсіп, 134,8 млрд. теңгеге жет­кен. Ал 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі бі­ліммен қамту 100 пайызды құрап отыр. Ерте жастағы балаларды бі­лім және тәрбиемен қамту үшін өт­кен жылы қала мен аудандарда 205 жаңа орын ашылған. Биылғы жылғы жоспар бойынша тағы 210 орын ашылмақ. Өңірдің 2 балабақшасы озық тәжірибені енгізу бойынша қа­натқақты жобаға қатысуда. Соны­мен қатар Нәзір Жәшібеков “Ойын арқылы оқыту” принципі бойынша оқу бағдарламасына өзгерістер ен­гізілгенін де атап өтті.

Балабақшалардан бөлек, орта бі­лім беруде де айтарлықтай өзгеріс­тер орын алған. Мәселен, мемлекет­тік тілде білім беретін мектептерде балалар бірінші сыныптан бастап тек қазақ тілінде білім алады. Ал орыс тілді мектептерде оқушылар қазақ және орыс тілдерін қатар мең­гереді.

Білім сапасын бағалау көрсет­кіштері бойынша да өңіріміз алдың­ғы қатарда. Осының аясында жүргі­зілген мониторинг нәтижесінде қы­зыл­жарлық 4 және 9-сынып оқушы­лары үздік нәтиже көрсеткен. ҰБТ-ның орташа көрсеткіші 74,96 балды құрап, түлектердің 63 пайызы грант иегері атанған. 24 оқушы респуб­ликалық олимпиадаларда жүлдегер атанып, қомақты сыйақы алған.

Бұл жетістіктердің бәрі сапалы бі­лім беру жағдайының арқасында мүмкін болып отыр. Облыстағы апат­ты мектептер мәселесін шешу мақсатында Тайынша ауданында 2 білім ошағының құрылысы жүргізі­лу­д­е. Алда тағы бір білім ордасы­ның іргетасы қаланады деп күтілу­де. 2022 жылы 2,5 млрд. теңгеге 31 ны­сан жөнделсе, биыл 39 оқу орда­сын жаңартуға 3,8 млрд. теңге жұм­салмақ.

– Облыс орталығының мектеп­теріндегі орын тапшылығын қысқар­ту мақсатында 2026 жылға дейін 3,3 мың орынға арналған 4 жаңа мектеп салынады. Мектептердің материал­дық-техникалық базасын нығайту жө­нінде жұмыс жалғасуда. Өткен жылы біз 150,0 млн. теңгеге 28 фи­зика және биология пәндік кабинет­терін сатып алдық. Үстіміздегі жылы тағы 28 кабинет сатып алынады, – деді басқарма басшысы.

Брифинг барысында кәсіптік және техникалық білім берудегі өз­герістер жайлы да айтылды. Енді кол­ледждерге студент қабылдау жа­ңаша жүзеге асатын болады. Қыркүйек айынан бастап мемлекеттік тапсырыс 300 орынға көбейген. Айыртау ауданында ашылған “Зей­неп” колледжінде бүгінде 100 жас кә­сіптік білім алуда. Алдағы оқу жы­лынан бастап жекеменшік “Зейнеп” және “Бескөл мектеп-колледждерінде” мектептің жоғары сынып оқу­шылары жаңа мамандықты меңге­ріп, диплом иелене алады.

Сауатты, жан-жақты тұлға тәр­биелеуде қосымша білім беру де ма­ңызды рөл атқарады. Нәзір Жәші­бековтің айтуынша, бүгінде өңір оқу­шыларының 80 пайызы қосымша үйірмелер мен секцияларға барады. Үйірмелермен ауыл балаларын да қамту үшін Есіл ауданындағы Явлен­ка ауылында қосымша білім беру орталығының ғимараты жөн­деліп, онда ондаған үйірме жұмыс іс­темек. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар назардан тыс қалмау үшін “Жас дарын” өнер мек­тебі өз жұмысын бастаған. Ерекше балаларды қолдау мақсатында қа­ла­ның 3 мектебінде инклюзия ка­бинеттері жабдықталмақ.

– Біз балалардың құқықтарын қорғауға да ерекше назар аудара­мыз. Ол үшін мектептердегі қауіпсіз­дік шаралары күшейтілуде. Бүгінгі таң­да барлық білім беру ұйымы бейнебақылау жүйесімен жабдық­талған. Жалпы саны 12 мыңнан ас­там бейнебақылау камерасы орнатылды. 2022 жылы білім ошақтарын дабыл түймелерімен қамтамасыз ету және жедел басқару орталығына қосу бойынша жұмыс жүргізілді. Оған 105 млн. теңге бағытталды. Биыл тағы 100 млн. теңге бөлініп отыр, – деді Нәзір Жәшібеков.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp