«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 6, 2023

Ең үздік ұжым

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы өткізген “Жаңа әлеуметтік келісім: әділ еңбек қатынастары” республикалық әлеуметтік әріптестер форумында конкурс қорытындысы жария етіліп, жеңімпаздар марапатталды. Петропавлдағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығының кәсіподақ ұйымы “Үздік ұжымдық шарт” аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасап, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, екі тарап арасындағы мәселелерді ұтымды мәмілелер арқылы шешу, жұмыс беруші мен …

Ең үздік ұжым Read More »

Ел абыройын асқақтатқан Ербол Хамитовке пәтер кілті табысталды

Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Ербол Хамитов үш бірдей жүлделі орынға ие болды. Байрақты бәсекеде ел намысын өңіріміздің атынан 4 спортшы қорғаған болатын. Дүбірлі додадан оралған солтүстікқазақстандық пара атлеттерді облыс әкімі Айдарбек Сапаров қабылдады. Облыстық әкімдікте өткен салтанатты жиында ел үмітін үкілеген спортшыларға сый-құрмет көрсетілді. Шарада сөз алған өңір …

Ел абыройын асқақтатқан Ербол Хамитовке пәтер кілті табысталды Read More »

МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН БИІК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Президент сайлауы қарсаңында сөйлеген сөзінде ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданың бірі мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық екенін атап көрсетіп, ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі осы тұрғыдан қабылдануы, әр істе мемлекеттік ұстаным болуы қажеттігін қадап айтты. Президент ұсынған жаңарту бағ­дарламасының түп қазығы саяси ре­формаларды жаңашылдықпен әрі дәйектілікпен жүзеге асыра отырып, әділетті мемлекет, …

МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН БИІК Read More »

Апатты мектептер азаяды

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Облыстық білім басқармасының 2022 жылдың жұмыс қорытындылары мен 2023 жылға арналған жоспарлары” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков бұл салада атқарылып жатқан оң өзгерістер жайлы баяндады. Нәзір Азаматұлының сөзінше, соңғы 3 жылда өңірдегі білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге өсіп, 134,8 млрд. теңгеге жет­кен. Ал 3-6 …

Апатты мектептер азаяды Read More »

Су басу қаупі жоғары елді мекендерді аралады

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Ка­малов бірқатар аудандарды аралап, су тасқынына қарсы жүргізіліп жат­қан іс-шаралардың барысымен та­нысты. Өңірімізде су басу қаупі жоғары 85 елді мекен бар. Төтенше жағ­дайды болдырмау үшін құтқару­шы­лар сақтық шараларын қолға алған. Ведомство бастығы алдымен Шал ақын ауданындағы жергілікті атқа­рушы билік өкілдерімен, су тасқыны­на қарсы іс-шараларды өткізуге жауапты азаматтармен кездесті. Былтыр …

Су басу қаупі жоғары елді мекендерді аралады Read More »

Жеңіс оңайлықпен келмейді

Осыдан бір апта бұрын Швецияның Эстерсунд қаласында шаңғыдан және биатлоннан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында әлем чемпионаты өткені белгілі. Байрақты бәсекеде ел намысын жеті спортшы қорғады, оның төртеуі – Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері. Халықаралық додада жерлесіміз Ербол Хамитов ерледі. Ол еліміздегі пара спорт тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Жуырда төрткүл дүниеге көк туымызды танытып, Әнұранымызды …

Жеңіс оңайлықпен келмейді Read More »

Сайланған әкім үмітті ақтай ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын айта келіп, бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асыруды тапсырған болатын. “Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын”, – деген ұсынысынан кейін 2021 жылы 25 шілдеде …

Сайланған әкім үмітті ақтай ма? Read More »

Басты бағдар – әлеуметтік әділеттілік

Облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Астанада өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған форум жайлы айтылды. Бұл халықаралық деңгейдегі шара “Жаңа қоғамдық келісім: әділетті еңбек қатынастары” атты тақырыпта өтті. Отырыста сөз алған облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев аталмыш форумның маңыздылығын атап өтіп, жергілікті салалық кәсіптік одақтардың алдағы жоспарын ортаға салды. …

Басты бағдар – әлеуметтік әділеттілік Read More »

АҚҚАЙЫҢҒА АРАША ТҮСЕР ЖАН БАР МА?

Мың бұралған аққайыңдар Солтүстік Қазақстан облысының ажарын ашып тұр десек, артық айтқандық емес. Өңірдегі орман алқаптарының тоқсан пайызында осы ағаш түрі өсетіні белгілі. Талай ақынға шабыт беріп, жырына арқау болған биші қайыңдар соңғы уақытта сиреп бара жатқаны табиғат жанашырларының ғана емес, осы қасиетті жердің байырғы тұрғындарының қабырғасына қатты батуда. Жоғары мінберлерден әрбір кесілген ағаштың орнына …

АҚҚАЙЫҢҒА АРАША ТҮСЕР ЖАН БАР МА? Read More »