«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Су басу қаупі жоғары елді мекендерді аралады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Ка­малов бірқатар аудандарды аралап, су тасқынына қарсы жүргізіліп жат­қан іс-шаралардың барысымен та­нысты.

Өңірімізде су басу қаупі жоғары 85 елді мекен бар. Төтенше жағ­дайды болдырмау үшін құтқару­шы­лар сақтық шараларын қолға алған. Ведомство бастығы алдымен Шал ақын ауданындағы жергілікті атқа­рушы билік өкілдерімен, су тасқыны­на қарсы іс-шараларды өткізуге жауапты азаматтармен кездесті.

Былтыр Шал ақын ауданында бір­лескен әрі жедел әрекеттердің арқасында табиғи апаттарға, тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді.

– Ауданда су басу қаупі жоғары елді мекендердің саны – бесеу. Олар – Сергеевка қа­ласы, Городецкий, Мерген, Ақанба­рақ және Новопокровка ауылдары. Бұл аумақта шамамен 114 тұрғын үй бар, онда 322 адам тұрады, – деді Рамиль Камалов.

Өңірдің бас құтқарушысы Шал ақын ауданының елді мекендеріне барып, жоспарлы жұмыстардың жүр­гізілгеніне көз жеткізді. Биыл Сер­геев су торабының бақылау алаңы­на жақын жердегі жағалауды ны­ғайту жұмыстары жүргізілгенін атап өткен жөн. Кіші Тораңғұл көлінде ұзындығы 500 метр, Новопокровка ауылының жанында диаметрі 1 метр, Сергеевка қаласынан 7 ки­лометр және Ибраев ауылына жақын 2 километр жергілікті маңызы бар “Көктерек – Ибраево” автомобиль жолына екі су өткізу құбыры орнатылды.

Департамент бастығы Ақжар, Ақ­қайың, Тайынша, Тимирязево, Есіл және Уәлиханов аудандарында бо­лып, жергілікті атқарушы органдар жүргізген су тасқынына қарсы іс-ша­ралардың сапасын тексеріп, елді мекендерді су тасқынынан тиімді қорғау жөнінде ұсыныстар айтты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp