«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтардың әдісі – алдап-арбау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда интернет-алаяқтар әлеуметтік желіде пайдаланылған автокөлік­тер­ді сату туралы жалған ха­барландырулар жариялауда. Олар қызығушылық таныт­қандарға тек “WhatsApp” ар­қылы хабарласуды сұрайды.

Содан кейін ауылда ұялы бай­ланыстың нашарлығын сөз етіп, бейнеқоңырауға жауап бермейді. Бұдан бөлек, “көліктің” бағасын одан сайын түсіріп, кішкентай ба­ласының науқас болғандығы се­беп­ті ақшаға өте мұқтаж екенін ай­тады. Сенімге кіргеннен кейін, ал­дын ала төлем алады. Кейін бай­ланысқа шығуды тоқтатады. Осы­дан екі жыл бұрын алаяқтардың бұл тәсілі туралы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде материал­дар жариялағаннан кейін мұндай жағдайлар тоқтаған еді. Биыл екі факті тіркеліп отыр. Егер “сатушының” адалдығына күмәнмен қарасаңыз алдын ала төлем жасауға ке­ліспеу керек.

Облыс полицейлері алаяқтық болуы мүмкін хабарландырулар­ды анықтау үшін веб-кеңістікке мо­ниторинг жүргізеді. ­

Марат ЖҰМАЛИЕВ,

облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp