«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 7, 2023

Өлке шежіресінің сарқылмас кені

Өткен тарихымызды зерделеп, қо­ғамдық өмірде тасқа басылып қал­ған айтулы оқиғаларды зертте­уде баға жетпес мән-маңызға ие архивтік құжаттарды ел шежіресі деуге бола­ды. Солардың алдыңғы қатарында алғашқы қызметі 1923 жылдан бас­та­латын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің аталары даусыз. “Қазақ автономиялы Кеңестік Рес­публикасы губерниялық архив бюролары туралы” 1923 жылғы 26 сәуірдегі ережеге сәйкес, Ақмола губерниялық атқару комитетінің 1923 жылдың …

Өлке шежіресінің сарқылмас кені Read More »

Қалдан да қауіп көп

Облыста былтыр тері меланомасынан 3 адам қайтыс болды. Терінің қатерлі ісігі – қауіпті дерттердің бірі. Мамандардың айтуынша, ол сирек кездескенімен, өлім-жітім деңгейі жоғары. Тері обыры жайында онкологиялық орталықтың емхана меңгерушісі Марат Тұрғынов айтып берді. – Марат Әнуарбекұлы, меланома қандай дерт? – Меланома – қауіпті онколо­гиялық ауру, тері обырының бір түрі. Ол терінің пигментті жасушалары­нан пайда …

Қалдан да қауіп көп Read More »

ОТАНДЫҚ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму саласына елеулі үлес қосып келе жатқан компаниялардың бірі – “Alageum Electric” холдингі. Қазақстан нарығында ширек ғасыр бойы жұмыс істеп келе жатқан кәсіп­орын жылдан-жылға тамырын те­рең­ге жаюда. “Alageum Electric” ата­уын отандық брендке айналдырған холдинг еліміздің бірнеше өңірінде зауыттар ашып, қанатын кеңге жаю­да. Алғашқы зауыты оңтүстіктегі Кен­тау қаласында ашылса, соңғысы 2021 жылы солтүстіктегі Петропавл …

ОТАНДЫҚ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ Read More »

Ауызсудың жыры

Мамлют ауданына қарасты Пок­ровка ауылы тұрғындарын алаңда­тып отырған өзекті мәселелер аз емес. Ауылдықтар біресе “Еңбек” бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасыздығына шағым­данса, енді бірде ауызсудың әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқанына наразы. Өткен аптада Покровка ауылы­ның тұрғыны Мақпал Тоқтанаева редакциямызға хабарласып, ауыл­дың кіреберісіндегі күнделікті су сататын пункттің су тазалайтын сүзгісі істен шыққанын, сол себепті тұрғындар …

Ауызсудың жыры Read More »

“Sensitive”-тің сиқырлы қимылдары елордалық көрермендерді тәнті етті

Солтүстікқазақстандық “Sensiti­ve” би театры Астана қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда “Сквозь тишину” атты мерейтойлық концерт қойды. Сахна төрінде 15 жыл­дан бері өнер көрсетіп келе жат­қан бұл ұжым елімізден бөлек көп­теген шет мемлекеттерге де таны­мал. Осыған дейін елордалық көрер­менді Республика күніне орай өткі­зіл­ген концертте өнерімен тәнті ет­кен би театрының жеке концертін жұртшылық асыға күткен еді. …

“Sensitive”-тің сиқырлы қимылдары елордалық көрермендерді тәнті етті Read More »

Атаулы шәкіртақы иегері

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті “Журналис­тика” кафедрасының негізін қалауға елеулі еңбек сіңіргендердің бірі – фи­лология ғылымдарының кандида­ты, профессор Зарқын Тайшыбай. Оның бір кездері Қарағандыдан Қы­зылжарға келіп, осында журналис­тика мектебін қалыптастырғаны көп­ке аян. Ғалымның алдын көрген шә­кірттері бүгінде өңіріміз бен респуб­ликаның бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп жүр. Профессордың журналистиканың теориялық негізі мен тарихы туралы көптеген …

Атаулы шәкіртақы иегері Read More »

Жолды уақытында тазаламаған

Қыс айларында жолдарды қар­дан тазарту – қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі. Облыстық әкімшілік полиция басқармасының ақпараты бойынша, күн сайын ауа райына байланысты өңірдегі жолдарды тазалауға 50-ден 300-ге дейін арнайы техника шыға­ды. Қолайсыз ауа райы жағдайында полицейлер төтенше жағдайларға жол бермеу үшін тәулік бойы ке­зекшілік ұйымдастырады. Тәртіп сақ­шылары “ҚазАвтоЖол” ҰК” акцио­нерлік қоғамымен және басқа да …

Жолды уақытында тазаламаған Read More »

Алаяқтардың әдісі – алдап-арбау

Облысымызда интернет-алаяқтар әлеуметтік желіде пайдаланылған автокөлік­тер­ді сату туралы жалған ха­барландырулар жариялауда. Олар қызығушылық таныт­қандарға тек “WhatsApp” ар­қылы хабарласуды сұрайды. Содан кейін ауылда ұялы бай­ланыстың нашарлығын сөз етіп, бейнеқоңырауға жауап бермейді. Бұдан бөлек, “көліктің” бағасын одан сайын түсіріп, кішкентай ба­ласының науқас болғандығы се­беп­ті ақшаға өте мұқтаж екенін ай­тады. Сенімге кіргеннен кейін, ал­дын ала төлем алады. Кейін …

Алаяқтардың әдісі – алдап-арбау Read More »

Ашық біріншілік

Петропавлда ұлттық спорт түрі – жекпе-жектен ашық біріншілік өтті. Жарысқа облыс орталығы мен аудандардан 60-қа тарта үміткер қатысты. Алдымен ортаға жарыстың ең жас әрі ең жеңіл салмақ дәрежесін­дегі спортшылары Әділет Кәрімжан мен Кирилл Бузмаков шықты. Же­ребе алғашқы кездесуде бір залда жаттығатын қос спортшыны жұптас­тырды. Жалынды жастар бір-бірінің қарым-қабілеттерін жақсы бі­леді екен. Осал тұстары мен оң …

Ашық біріншілік Read More »

Вагоннан шыққан өрт

2023 жылғы 3 ақпан күні сағат 21:57-де Қарағанды облысының “Ар­шалы – Анар” темір жол учаскесінде техникалық вагоннан өрт шықты. Соның салдарынан №105/106 “Пет­ропавл – Алматы” пойызының қозға­лысы тоқтатылды. Пойызда 235 жо­лаушы болған. “Өрт сөндірілді және құрбан бол­ғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Жолаушыларды Ал­матыға жет­кі­зу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарт вагоннан тұратын пойыз жіберілді, …

Вагоннан шыққан өрт Read More »

Жүк көлігі жанып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 ақпан күні “101” нөміріне Тайынша ауданындағы Келлеровка елді мекенінің маңында IVECO жүк көлігінен өрт шыққандығы жөнінде хабар түскен. Мамандар оқиға орнына 14 ми­нут ішінде жетті. Олар келген кезде көліктің қозғалтқыш бөлігінен шық­қан жалын тіркемесіне ауысып, бар­лық бөлігіне жайылып үлгерген екен. Машина толық жанып кетті. Облыстық полиция департамен­ті …

Жүк көлігі жанып кетті Read More »