Қыс айларында жолдарды қардан тазарту – қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі. Облыстық әкімшілік полиция басқармасының ақпараты бойынша, күн сайын ауа райына байланысты өңірдегі жолдарды тазалауға 50-ден 300-ге дейін арнайы техника шығады. Қолайсыз ауа райы жағдайында полицейлер төтенше жағдайларға жол бермеу үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Тәртіп сақшылары “ҚазАвтоЖол” ҰК” акционерлік қоғамымен және басқа да мүдделі ұйымдармен тұрақты байланыста.
Қыс мезгілі басталғалы жолдарға 613 зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жолдар мен жол құрылыстарының иелеріне кемшіліктерді жою туралы 941 ұйғарым берілді. Жолдарды уақытында тазаламағаны үшін 56 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.