«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өлке шежіресінің сарқылмас кені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен тарихымызды зерделеп, қо­ғамдық өмірде тасқа басылып қал­ған айтулы оқиғаларды зертте­уде баға жетпес мән-маңызға ие архивтік құжаттарды ел шежіресі деуге бола­ды. Солардың алдыңғы қатарында алғашқы қызметі 1923 жылдан бас­та­латын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің аталары даусыз.

“Қазақ автономиялы Кеңестік Рес­публикасы губерниялық архив бюролары туралы” 1923 жылғы 26 сәуірдегі ережеге сәйкес, Ақмола губерниялық атқару комитетінің 1923 жылдың 18 қазанындағы қаулысы бо­йынша Петропавл қаласында Ақмо­ла облыстық архив бюросы құрыл­ды. Оған мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда шаң басып, қоз­ғаусыз жатқан құжаттарды жинап, сақтап, тарихи-ғылыми айналымға кір­гізу, үгіт-насихат және анықтама мақсаттарында пайдалану міндеті жүктелді. Ол жылдары елдегі жағдай аса күрделі болатын. Қағаздың жеткі­ліксіздігінен көптеген құнды құжат­тар­дың жоғалып кету фактілері тір­кел­ді. Ақтар мен қызылдардың шай­қа­сы азамат соғысына ұласып, халық не істерін білмей, сеңдей соғы­лысты. Осындай қысылтаяң шақта губерния билігі архив жұмысын жол­ға қоюға бағытталған бірқатар ма­ңызды шаралар қабылдады. Олар – “Петропавл қаласындағы мемлекет­тік және кооперативтік ұйымдардың архивтерін ретке келтіріп, губерния­лық архив бюросына тапсыру, Ақмо­ла губерниясы аумағында 1918 жыл­ға дейін болған зауыт-фабрикалардың, кеніштердің, банктер мен басқа да кәсіпорындардың материалда­рын есепке алу, Петропавл қаласы­ның шаруашылық жағдайы туралы материалдарды іріктеп, шолу жасау сияқты нұсқаулықтар. Сөйтіп, “Мир труда” газеті редакциясында арнайы жинақтар басылып шықты. “1917-1921 жылдардың архив материал­да­рын губерниялық архивке өткізу ту­ра­лы” және “Тарихи-төңкерістік ма­ңы­зы бар негативтер мен фотосурет­терді есепке алу туралы” қабылдан­ған қаулыларға байланысты мате­риалдар архивке жүйелі түрде түсе бастады. Петропавл, Ақмола, Атба­сар, Көкшетау қалаларында сарап­тау комиссиялары құрылып, архив қыз­меткерлері көптеген құжаттық материалдарды жинап, жүйелеп, қалпына келтірді.

1926 жылы Ақмола губерниясы­на қатысты Омбыда сақталған құжат­тар қайтарыла бастады. Бұл жө­нінде РФСР орталық архивіне хат жа­зы­лып, деректер сұратылды. Мәсе­ле толық шешілгенше 1913-1919 жыл­дар аралығын қамтитын 19 құ­жат уақытша пайдалануға алынды. 1928 жылы Петропавл округі құры­лып, округтік архив бюросы ұйым­дас­тырылды. Қазақстанның дамуы мен төңкеріс қозғалысын зерттеудің ма­ңыздылығы және жергілікті архив ме­кемелерінің материалдық-техникалық базасының нашарлығы (қойма ғимараттарының қолайсыздығы, ғы­лым қажетіне пайдаланудың жетім­сіз­дігі, арнайы мамандардың азды­ғы) ескеріліп, ҚАССР ОАК төралқасы Қазақстанның бірнеше қаласында орталық архив басқармасының бө­лімшелерін ашу жөнінде шешім қа­былдады. Бұл бөлімшелерге Қазақ­станның тарихын, шаруашылығы мен тұрмысын бейнелейтін жазба де­ректерді, картографиялық, иллюс­тра­циялық және басқа да архив құ­жаттарын жинап, пайдалану жүктел­ді. Петропавл бөлімшесіне Ақмола және Қостанай округтерінің архивте­рі жинақтаған барлық материал бе­рілді. 1932 жылы Қарағанды облысы құрылып, орталығы Петропавл қала­сы болып белгіленген соң, орталық архивтің Қарағанды облыстық бө­лімшесі бой көтерді. Облыс аумағында кен орындары туралы мағлұмат­тар іздестіріліп, “Қазақстанның архив байлығы” анықтамалығына енгізілді. КСРО Ғылым академиясының тап­сыр­масы бойынша “Кеңес өкіметінің алғашқы қадамдары” деген жинаққа 214 құжаттың көшірмесі жіберілді. 1938 жылы Қазақстандағы архив жүйесі түгелдей Ішкі істер Халко­мы­на көшірілуіне байланысты архив жү­йесі қайта қаралып, Солтүстік Қазақ­стан облыстық мемлекеттік архиві құрылды. “Қазақ КСР-ның құрылуы және қазақтардың 1916 жылғы көте­рілісі” тақырыбына құжаттар ірікте­ліп, Қазақ КСР ІІМ архив басқармасы шығарған жинаққа енгізілді.

Ұлы отан соғысы кезінде Үкімет арнайы қаулы қабылдап, орталық ай­мақтардағы архив қорлары Қазақ­станға көшіріле бастады. Біздің об­лысқа Ресейден 15 мекеменің архиві жеткізілді. 1945 жылы облыстық ар­хивтің 983 қорында 68465 іс сақтал­ды, 347 қордың тізбесі жасалды. 1946 жылы қордың саны 11259-ға, істер 77329-ға жетті. 1956 жылдан бастап облыстық газеттердің редак­ция­ларынан фотоқұжаттар жинау басталды. Елдегі архив жүйесінің ғы­лыми-зерттеу мекемелер сана­тына жатқызылуы архившілердің дәреже­сін көтеріп, жауапкершілігін арттыр­ды. Осыған орай ғылыми-зерттеу орындарына айналдыру жөнінде көп іс тындырылды. 1917-1940 жылдар ара­лығындағы “Қазақстанның сол­түс­тігіндегі су шаруашылығы” және “Солтүстік Қазақстанда мал шаруа­шы­лығын өркендету” деген тақы­рып­та 21 қор тексеріліп, 118 карточка толтырылды. 1960 жылғы 17 мау­сым­да облыстық ішкі істер басқарма­сының архив бөлімі облыстық атқару комитеті жанындағы архив бөлімі болып қайта құрылды. 1966 жылдан бас­тап, жеке тұлғалардың архивтері қабылдана бастады. Алғашқылар­дың бірі болып 1919 жылы Петро­павлда жастардың астыртын ұйы­мын құрған А.К. Бочаговтың жеке қоры құрылды. Облыстық мемле­кет­тік архиві қорларын толықтыруға 8 адамнан құралған шаруашылық есептегі топтар бірқатар көмек берді. 1966 жылдың өзінде 8980 іс өңделіп, 5780 іс облыстық мемлекеттік ар­хивке тұрақты сақтауға тапсырылды. Өңірде жасақталған 314-атқыштар дивизиясы соғысқан жерлерден фо­тосуреттер мен дыбыс жазбала­ры әкелінді. Солардың негізінда “Отанға адалдық” атты альбом басылып шық­ты. Бұл альбом оқу орындарына та­ратылып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу құралына айналды. Сон­дай-ақ архив қызметкерлері КСРО Қорғаныс министрлігінің Подольск қаласындағы архивінде болып, 314- атқыштар дивизиясының тарихын “Свирьден Эльбаға дейін” деген ат­пен кітапша етіп шығарды.

Кеңес өкіметі күйреп, Қазақстан тәуелсіздік алуына орай архив сала­сы мен оның құрылымында бірқатар өзгерістер орын алды. Облыстық партия комитетінің архиві мемлекет­тік архив жүйесіне қосылды. Прези­дент­тің “Қазақстан Республикасы­ның әкімшілік-аумақтық құрылы­мын одан әрі жетілдіру туралы” 1997 жылғы 3 мамырдағы Жарлығы бо­йын­ша және Көкшетау облысының тарауына байланысты таратылған облыстың барлық архив мекемелері Солтүстік Қазақстан облысының құ­рамында еді. 1999 жылғы 11 қараша­да архив бөлімі мен облыстық архив біріктіріліп, облыстық архиві мем­ле­кеттік мекемесі болды. 2002 жылдың 1 қаңтарында архивтер және құжат­тамалар бөлімі құрылып, оған мони­торинг, үйлестіру, құжат айналымы мен мемлекеттік саясатты жүргізу құзыреті берілді.

Бүгінде облыстық архив жүйе­сінің құрамында архивтер және құ­жат­тамалар бөлімі, мемлекеттік ар­хив, қалалық және 13 аудандық ар­хив бар. Бұлардан бөлек, 923 ве­домстволық мұрағат жұмыс істейді. Оларда 1855 жылдан бастап бүгінгі кезеңге дейін қамтитын, 4719 қорға біріккен 1440679 бірлік іс сақтаулы. Архив құжаттары негізінде “Сол­түс­тік Қазақстан облысы мен ауданда­рының бірінші басшылары”, “Ғ. Мүсі­репов. Данадан қалған рухани дү­ние”, “Солтүстікқазақстандық Еңбек Ерлері”, тағы басқа жинақтар әзір­ленді. Жыл сайын “Айтулы және ес­керілетін күндердің тізбесі” шығып тұ­рады. Бұл басылымдарда еліміздің және өлкеміздің тарихында із қал­дыр­ған елеулі оқиғалар, атақты адам­дарды еске алу күндері туралы ғылыми-танымдық мағлұматтар бе­ріледі. Жеке адамдардың сұрауы бо­йынша анықтамалар да дайында­лады.

Облыс архившілері Отан тари­хы­ның қазынасы, өлке шежіресінің сарқылмас кені болып табылатын, өткен шақтан қалған қымбат мұраны көздің қарашығындай сақтап, реттеп, зерттеп, келесі ұрпаққа жеткізетін өздерінің қиын да қызықты қызметін мақтан етеді.

Сәуле МӘЛІКОВА,

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp