«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Sensitive”-тің сиқырлы қимылдары елордалық көрермендерді тәнті етті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық “Sensiti­ve” би театры Астана қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда “Сквозь тишину” атты мерейтойлық концерт қойды. Сахна төрінде 15 жыл­дан бері өнер көрсетіп келе жат­қан бұл ұжым елімізден бөлек көп­теген шет мемлекеттерге де таны­мал.

Осыған дейін елордалық көрер­менді Республика күніне орай өткі­зіл­ген концертте өнерімен тәнті ет­кен би театрының жеке концертін жұртшылық асыға күткен еді. Музы­ка­ны құлақпен естімесе де, жүрек­пен сезінетін жандар мерейтойлық концертте көрермен назарына еуро­палық, латын-америкалық және за­манауи билерді ұсынды. Есту қабі­леті бұзылған балаларға арналған еліміздегі жалғыз би театрының өнері жиналған қауымның көңілінен шығып, өнерпаздар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

– “SENSITIVE” би театры – бір­қатар халықаралық жобаларға қаты­сып, талайдың таңдайын қақтырып, үздік атанған өнер ұжымы. Қабілетті балалардың музыка ырғағымен әде­мі қозғалуы, әр қимылының әсемдігі сұлулыққа құштар етеді. Би өнері осындай болуы керек сияқты. Та­лантты жастардың қажырлы еңбекпен ұшталған өнеріне және ұжымның көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикованың шыдамдылығы мен ерік-жігеріне риза болдым, – деді көрермендердің бірі Бақытжан Сәмиева.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp