2023 жылғы 3 ақпан күні сағат 21:57-де Қарағанды облысының “Аршалы – Анар” темір жол учаскесінде техникалық вагоннан өрт шықты. Соның салдарынан №105/106 “Петропавл – Алматы” пойызының қозғалысы тоқтатылды. Пойызда 235 жолаушы болған.
“Өрт сөндірілді және құрбан болғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарт вагоннан тұратын пойыз жіберілді, құрылған арнайы комиссия оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кірісті. Жолаушыларға жүк және темір жолмен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес, белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленеді”, – деп хабарлады “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Дәулет ІЗТІЛЕУ.