«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Икемді графиктің артықшылығы көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы мамандардың әртүрлі қызметтік тапсырмаларды ұтымды орындауы үшін икемді жұмыс кестесін, қашықтан жұмыс істеу, тиімді жағдайларды кеңінен пайдалану тәжірибесін одан әрі жетілдіре түсуді ұсынып отыр. Республикалық ведомствоға қарасты департамент жүргізетін белсенді іс-қимыл жоспары алға қойылған міндеттерді орындаумен қатар мемлекет пен азаматтардың өзара жедел әрекет етуін де қамтамасыз етеді.

Икемді жұмыс кестесі – бұл қыз­метшінің өз қалауы бойынша жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуының күнделікті уақытын немесе жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыс күнінің күнделікті ұзақтығын таңдау мүмкіндігімен сипатталатын жұмыс уақытын бөлу, оған көшудің мақсаты әртүрлі жағдайларды ескеру арқылы және де мекеменің қалауымен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс күнінің оңтайлы тәртібін құру тәсілі болып табылады. Ыңғайлы графиктер қызметкерлерге олардың келу және кету уақыттарын жұмысынан өзгертуге немесе жұмыс істейтін күндерді таңдауға мүмкіндік береді. Мұны дәстүрлі жұмыс аптасына балама ретінде де қарастыруға болады.

Қызметкерлердің икемді жұмыс кес­тесіне көшу тәртібі – мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтеріне консультациялық және әдіснамалық қолдау көрсету бағыт­тардың бірі. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы жүргізген талдауларға сәйкес, икем­ді жұмыс кестесіне көшуді қалайтын қызметкерлердің айтар­лық­тай өсуі байқалады. 2021 жылы 6 мемле­кеттік орган осы режімде істесе, 2022 жылы олардың саны он­ға жетті. Де­мек, қызметкерлер өздеріне жа­салған артықшылықтар­ды жұмыстан тыс жауапкершілікті теңестіру әдісі ретінде бағалайды деген сөз. Кей­біреулер әріптестер­мен байланыс жасаудың қиындығын алға тартады. Қалай десек те, пай­да­лы жағы ба­сым екені даусыз. Конс­титуцияның 21-бабын негізге ала отырып, жыл са­йынғы демалыстың шекті ұзақ­ты­ғын және төленетін ақысын, сондай-ақ демалуға құқықты жүзеге асыру­дың өзге де негізгі шарттарын мем­лекет айқындайды.

Департаменттің бақылау басқар­масының қызметкерлері үстеме жұмыстың алдын алу және оған жол бермеу шеңберінде қоғамдық ұйым­дардың өкілдерімен, әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкі­лімен бірлесіп, былтыр 960 қызмет­кер арасында заңсыз үстеме жұмыс және жұмыс уақытын ұтымсыз пайдалану фактілерінің жолын кесу бойынша түрлі шаралар ұйымдастырды. Алдын алу шараларына қарамастан Ғабит Мүсірепов атын­дағы, Тимирязев және Қызылжар аудандарында жұмыс берушілер тарапынан мемлекеттік қызметші­лердің жұмыс уақыты режімін бұзу фактілері анықталып, бұзушылықтарды жою туралы шығарылған нұсқамаларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді.

Парламентке Еңбек кодексіне өзгермелі жұмыс кестесі туралы жеке бап енгізу ұсынылғаны белгілі. Ол бойынша жұмыс беруші жұмыс тәртібінің ережелерінде жұмыскер­лерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, жұмыс кестесінің күн сайынғы ұзақтығының 11 сағаттан аспайтын шектеулерін сақтай отырып, жұмыс кестесінің ұзақтығы әртүрлі аптаның әртүрлі күндеріндегі жұмыстың жылжымалы кестесін белгілеуге құқылы. Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін орташа белгіленген, бірақ бір тоқ­саннан аспайтын жұмыс уақыты­ның ұзақтығы сақталуы тиіс кезең жыл­жымалы жұмыс кестесі кезіндегі есепті кезең деп танылады. Соны­мен бірге Еңбек кодексіне онлайн жұмыс істейтіндердің қызметін рет­тейтін жеке бап енгізілмек.

Департамент үстеме жұмысты жою және икемді жұмыс кестесін белгілеу мақсатында тоқсан сайын мемлекеттік органдардың басшыла­рына өз қызметкерлерімен түсіндіру әңгімелерін жүргізу қажеттілігі тура­лы талдамалық хаттар жолдап оты­рады. Оның оң нәтижесі жоқ емес. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс­тағы тұрақты кідірістері ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық ахуал туғызатыны, әріптестері­не ғана емес, отбасы мүшелеріне де жайсыздық әкелетіні жете ескеріле­ді. Үстеме жұмыс фактісіне тап бол­ған немесе икемді жұмыс кестесіне көшуді ниет еткен ұйымдар мен мем­лекеттік қызметшілерге көмек қолын созуға әзірміз.

Абзал ОРАЗЫМБЕТОВ,

мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp