«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Боз кілемдегі тартыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматыда күрес түрлерінен өткен VI республикалық спартакиадада жерлестеріміз екі жүлделі орынға қол жеткізді. Грек-рим күресінен Ислам Евлоев – алтын, Бауыржан Мусин қола медаль иегері атанды.

Биылғы жарыста өңір намысын 29 балуан қорғаған болатын. Соның 12-сі еркін, 15-і грек-рим және 2 қы­зымыз әйелдер күресінде бақтарын сынады. Грек-рим күресінен Ислам Евлоев 82 килограмм салмақтағы­лар санатында боз кілемге шыққан. Солтүстікқазақстандық спортшы төрт белдесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Финалда аты­раулық балуанның жауырынын жер иіс­кетті. Нәтижесінде спартакиаданың жеңімпазы атанды. Ал Бауыржан Мусин 87 килограмм салмақ дәре­же­сінде сынға түскен болатын. Жер­лесіміз төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, қола медальді енші­леді.

Еркін күрестен өңір балуандары медаль иеленбегенімен Алматы қа­ласының атынан қатысқан Уәлиха­нов ауданының тумасы Ризабек Айтмұқан алтын жүлде алғанын айта кеткен жөн.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp